| 17.03.2016 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2016 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары В. Фоос Армения Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасарымен кездесті
2016 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары В. Фоос Армения Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Лаура Галстянмен кездесті.
Владимир Фоос кездесуге қатысушыларды Орталық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын және мәслихаттарының депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі жұмысымен, сайлау науқанының негізгі кезеңдерімен таныстырды, сондай-ақ бірқатар сұрақтарға жауап берді.
Галстян ханым сайлау заңнамасының партиялық тізімдерді ұсыну және тіркеу тәртібін, саяси партиялардың сайлауалды үгітін қаржыландыруды реттейтін жекелеген ережелерімен егжей-тегжейлі танысуға қызығушылық танытты.
Кездесу соңында Л. Галстян шақыру үшін ризашылығын білдіріп, сайлаудың ойдағыдай өтуін тіледі.
«Біз Астана қаласының бірқатар сайлау учаскелеріне баруды, осыншама маңызды сайлауды өткізу үшін Конституцияға және республиканың сайлау заңнамасына сәйкес жасалған жағдайлармен танысуды жоспарлап отырмыз» - деп атап көрсетті Армения Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
