| 11.03.2011 |
|
Ақпараттық ресурстарды пайдалануды оңтайландыру мақсатында Орталық сайлау комиссиясы өзінің ресми интернет-ресурсындағы сайлаушылардың электрондық тізімінде он-лайн іздестіру тәртібін өзгертті.
Енді сайлаушылар тізімдеріндегі өзі туралы деректерді іздестіріп, қай сайлау учаскесіне тіркелгені туралы ақпаратты алу үшін, сайлаушы izbiratel@election.kz электрондық поштасының адресі бойынша жүгінуі қажет.
Деректерді алуға сұрау салу кезінде сайлаушы тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін, жеке куәлігінің нөмірін немесе жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) көрсетуі қажет.
Жауап ретінде келген хабарда жүгінген сайлаушы тіркелген сайлау учаскесінің нөмірі мен мекен-жайы көрсетіледі.
Егер де іздестіру оң нәтижелерді бермесе, сайлаушыға тиісті жергілікті атқарушы органға немесе тіркелген жері бойынша учаскелік сайлау комиссиясына жүгінуі ұсынылатын болады.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
