| 16.03.2016 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Сайлау науқанының барысын және саяси партиялардың сайлау алдындағы үгітін жария ету жөніндегі БАҚ материалдарына мониторингтің алдын ала қорытындылары
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабы 2-тармағына сәйкес партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға сайлау алдындағы үгітті жүргізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарына тең жағдайда қол жеткізуге кепілдік беріледі. Сонымен қатар, БАҚ саяси партиялардың сайлау науқанын әділ жария етуді жүзеге асыруға міндетті.
Аталған нормалардың іске асырылуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Ортсайлауком Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетімен бірлесіп бұқаралық ақпарат құралдарының ағымдағы сайлау науқанына қатысты материалдарына мониторингті жүзеге асыруда.
Мониторинг 48 республикалық газетті, 15 журналды, 16 республикалық телеарнаны, 12 радиоарнаны, 174 өңірлік газетті, 31 өңірлік телеарнаны, сондай-ақ 162 неғұрлым танымал қоғамдық-саяси интернет-ресурсты қамтиды.
2016 жылғы 20 қаңтардан бастап 19 ақпанға дейінгі кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында жалпы сайлау тақырыбы бойынша, сондай-ақ партиялар мен партиялық тізімдерден кандидаттардың сайлау тұрғысындағы қызметіне қатысты 13898 материал жарияланды. Олардың ішінде республикалық телеарналардың эфирінде 3 757 сюжет, республикалық мерзімді басылымдарда – 1 154 жарияланым, өңірлік БАҚ-тарда - 3 924 материал, интернет-ресурстарда – 5063 материал. Әлеуметтік медиаларда – 1441 мағыналы жазба.
Сайлауға қатысушы саяси партиялардың үгіт науқаны басталған кезеңнен, яғни 20 ақпаннан бастап 14 наурызға дейін БАҚ-та сайлау тақырыбы бойынша 8769 материал жарияланды. Олардың ішінде 7060 материал республикалық және 2709 - өңірлік БАҚ-тарда.
Мониторинг деректеріне сәйкес, үгіт науқаны басталғаннан БАҚ-та: 1432 ақпараттық материал «Нұр Отан» партиясының қызметі туралы, 1156 материал ҚКХП-ның қызметі туралы, 1261 материал «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның қызметі туралы, 1114 материал «Бірлік» СП-ның қызметі туралы, 1144 материал ЖСДП-ның қызметі туралы, 1133 материал «Ауыл» ХДПП-ның қызметі туралы жарияланды.
Сайлауға қатысушы саяси партиялардың қызметі туралы ақпараттық материалдардың көлеміне қатысты айтар болсақ, «Нұр Отан» партиясының қызметі туралы материалдар республикалық баспа басылымдарындағы сайлауға қатысушы саяси партиялардың қызметі туралы материалдардың жалпы аумағының 20 %-ын алады. ҚКХП-ның қызметі туралы материалдар – 19 %, «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның қызметі туралы – 15 %, «Бірлік» СП-ның қызметі туралы – 14 %, ЖСДП-ның қызметі туралы – 18 %, «Ауыл» ХДПП-ның қызметі туралы – 14 %.
Осындай көрініс республикалық теледидар арналарының эфир уақытының мөлшерін бөлуге қатысты да байқалады.
«Нұр Отан» партиясының қызметі туралы материалдар сайлауға қатысушы саяси партиялардың қызметі туралы сюжеттердің жалпы уақытының 16 %-ын алады. ҚКХП-ның қызметі туралы материалдар – 17 %, «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның қызметі туралы – 17 %, «Бірлік» СП-ның қызметі туралы – 17 %, ЖСДП-ның қызметі туралы – 16 %, «Ауыл» ХДПП-ның қызметі туралы – 17 %.
Радиода «Нұр Отан» партиясының қызметі туралы ақпараттық сюжеттердің үлесі 23 %-ды құрайды, ҚКХП-ның қызметі туралы – 16 %, «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның қызметі туралы – 15 %, «Бірлік» СП-ның қызметі туралы – 16 %, ЖСДП-ның қызметі туралы – 14 %, «Ауыл» ХДПП-ның қызметі туралы – 16 %.
Салыстырмалы деректерді республикалық интернет-ресурстар материалдарының мөлшерін талдау да береді.
Үгіт науқаны басталғаннан бері неғұрлым танымал интернет-ресурстардағы «Нұр Отан» партиясы туралы материалдардың үлесі 20 %-ды құрады, ҚКХП туралы – 17 %, «АҚ ЖОЛ» ҚДП туралы - 15 %, «Бірлік» СП туралы – 15 %, ЖСДП туралы – 18 % және «Ауыл» ХДПП туралы – 15 %.
Саяси партиялардың сайлауалды қызметін жария ету жөніндегі ақпараттық жұмыстан басқа, 2016 жылғы 20 ақпаннан БАҚ-та олардың сайлау қорларынан төленетін үгіт материалдары орналастырылады.
Атап айтқанда, «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде 2016 жылғы 20 ақпаннан сайлауға қатысушы барлық саяси партиялардың сайлауалды бағдарламалары жарияланды.
Ақысы сайлау қорлары қаражатынан төленген үгіт материалдарының саны мен көлемі партиялардың ұйымдастырушылық және қаржылық ресурстарына байланысты.
Ақысы сайлау қорының қаражатынан төленген үгіт материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында «Нұр Отан» партиясының сайлау штабы неғұрлым белсенді орналастыруда. Үгіт науқаны басталғаннан бұл партияның осындай 1552 үгіт материалы жарияланды және эфирге шықты, сондай-ақ ҚКХП-ның 303 материалы, «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның 398 материалы, «Бірлік» СП-ның 187 материалы, ЖСДП-ның 99 материалы, «Ауыл» ХДПП-ның 295 материалы.
Осылайша, мониторинг нәтижелері жалпы қазақстандық БАҚ-тарда сайлауға қатысушы партиялардың қызметін тең жағдайларда және салыстырмалы көлемде жария етілуде екенін көрсетеді.
Партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарына еркін және тең қол жеткізу қамтамасыз етілуде.
Сайлау науқанын БАҚ-та белсенді және шынайы жария ету сайлаушыларға сайлауға қатысушы саяси партиялардың бағдарламалары, мақсаттары және іс-шаралары туралы толық және сенімді ақпарат алу мүмкіндігін береді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
