| 19.03.2011 |
|
2011 жылғы 19 наурызда 2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуге байланысты азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің өтініштерін қарау жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы болып өтті.
Жұмыс тобы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 2011 жылғы 1 наурыздағы өкімімен құрылған және Ортсайлауком жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Оның құрамына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Бас прокуратураның, Байланыс және ақпарат министрлігінің, Қаржы министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің және Әділет министрлігінің өкілдері кірген.
Сайлау науқанының басынан бері Орталық сайлау комиссиясына 317 өтініш түскен. Олардың 308-і өтініштер (279-ы - «Лайықты тұрғын үй үшін» қоғамдық қозғалысынан) және 9-ы шағымдар.
2 шағым сайлау комиссиялары мен олардың мүшелерінің іс-әрекеттеріне жасалған. 4 шағым мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, және олардың лауазымда тұлғаларының сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге қатысты сұрақтар бойынша шешімдеріне қатысты.
Тағы 3 шағымда сайлауалды үгіт науқаны барысында сайлау заңнамасы нормаларының бұзылуы туралы жорамалдар бар. Аталған шағымдарды қарау барысында оларда көрсетілген фактілер дәлелін таппады. Шағымданушыларға түсініктемелер берілді.
299 өтінішті Орталық сайлау комиссиясы мүшелерінің өздері қарады.
2 өтініш Ортсайлаукомның отырысында қаралған.
12 әкімдіктерге, мәслихаттарға, соттарға, прокуратура органдарына, құқыққорғау органдарына, мекемелерге және басқа да ұйымдарға жолданған.
4 өтініш қаралу үстінде.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
