| 24.03.2011 |
|
2011 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары В. Фоос Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Пьер Морель мырза басқарып келген делегациясымен кездесті.
Делегация мүшелері Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі сайлау науқанның барысымен кеңірек танысуға қазығушылық білдірді.
Владимир Фоос делегация мүшелерін Орталық сайлау комиссиясының жұмысымен және сайлау науқанының негізгі кезеңдерімен таныстырып өтті.
Кездесу барысында Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары делегация мүшелерінің кандидаттарды ұсыну және тіркеу тәртібіне, сайлау комиссияларын қалыптастыру тәртібіне және Ортсайлаукомның олармен өзара әрекеттестігіне, саяси партиялар мен республикалық қоғамдық бірлестіктердің әртүрлі сайлау комиссияларында өкілдік етуіне, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық кандидаттардың БАҚ-тарға тең қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша заң талаптарын орындауына, шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасы азаматтарының дауыс беруін ұйымдастыруға, шағымдар мен өтініштерді беру және қарау үдерісіне қатысты сұрақтарына жауап берді.
«Еуропалық Одақ азаматтардың негізгі құқықтарының іске асырылуы сұрақтарына үлкен қызығушылық танытады, және ұлттық сайлауларды оларды жүзеге асырудың маңызды тетігі деп қарайды»,- деп атап өтті Пьер Морель мырза, және сайлауды ұйымдастырушылардың электоралдық науқанды табысты өткізуіне тілектестігін айтты.
Кездесу соңында Владимир Фоос Еуроодақ сайлау науқаны барысын байқауға белсене қатысатын болар деген сенімін білдірді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
