| 24.03.2011 |
|
24 наурыз күні Орталық сайлау комиссиясының отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының 2011 жылғы 1-14 наурыз кезеңіндегі №1 аралық есебіне ресми түсініктемелердің мәтінін бекіту туралы хаттамалық шешім қабылданды.
Бұл құжатты ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясы 21 наурыз күні жариялады және ол көбінесе ақпараттық-бейтарап сипатқа ие. Онда Ортсайлаукомның сайлауды өткізуге дайындықты белсенді іске асырып, отырыстарын жүйелі және көпшілік қауым, БАҚ-тар мен байқаушылар үшін ашық өткізіп, апта сайын баспасөз үшін брифингтер ұйымдастырып, сондай-ақ ақпараттық веб-сайтын қолдап отырғаны аталады. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сарапшылары Ортсайлаукомның сайлауды ұйымдастырушыларды оқыту бойынша жұмысына, сондай-ақ сайлаушыларды алдағы сайлау туралы хабардар ету бойынша жүргізіп отырған кең ауқымды науқанына оң баға берген. Дегенмен, есепте Миссия сарапшыларының сайлау науқаны барысын байқау қорытындылары бойынша жасаған бірқатар тұжырымдары мен сыни бағалары да бар.
Орталық сайлау комиссиясының мүшелері олардың бірқатары қосымша толықтыруды, нақтылы фактілермен, сайлау заңнамасына немесе халықаралық құжаттарға айқын сілтемелермен растауды талап ететінін атап өтті.
Ортсайлаукомның пікірінше, болып жатқан үдерістер бойынша объективті және нақтылы көзқарас қалыптастырудағы екі жақтың да мүдделерін ескеру мақсатында сайлау науқанының әртүрлі субъектілерінің пікірі есепке алынуы, ал кейбір жекеше мәселелер мен фактілер бойынша – кәсіби сарапшылардың бірлесіп жұмыс істеуі қажет.
Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ байқаушыларының 18 тұжырымы бойынша сарапшылар деңгейінде талқылаулар өткізу, сондай-ақ Миссия мен Ортсайлауком арасындағы өзара әрекеттестікті бұдан да тығыз ұйымдастыру және, қажетіне қарай, консультацияларды жиірек өткізіп тұру керектігін атады.
Бұл туралы келісімге Қ.Тұрғанқұловтың ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының Басшысы Елші Даан Эвертс мырзамен 23 наурыз күні болып өткен кездесуінде қол жеткізілген болатын.
Ортсайлауком Миссия сарапшылары Орталық сайлау комиссиясының пікірі мен дәлелдеріне түсіністікпен қарап, сындарлы пікір алмасу және ынтымақтастық аясында сайлау науқаны барысын объективті бағалар деген сенімін білдіреді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
