| 30.03.2011 |
|
ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының Қазақстан Республикасындағы 2011 жылғы кезектен тыс президенттік сайлауды 2011 жылғы 15-21 наурыз аралығындағы кезеңде байқау жөніндегі № 2 Аралық есебіне Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының түсініктемесі
ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының Қазақстан Республикасындағы 2011 жылғы кезектен тыс президенттік сайлауды байқау жөніндегі № 1 Аралық есебінің жекелеген қағидалары осы Миссияның 2011 жылғы 15-21 наурыз аралығындағы кезеңде байқау жөніндегі № 2 Аралық есебінің мәтінінде қайталанып отыр, сондықтан осы Анықтамада біз олардың жаңа қағидаларын келтіріп, тек солар бойынша өз пікірлеріміз бен бағаларымызды беріп отырмыз.
1. «... ОСК Бас прокуратураның заңдық қорытындысын негізге ала отырып, ОСК-ның өзі үшін партиялардың өкілдері мен кандидаттарды тіркеуден бас тартты.» (2-бөлім).
ОСК ұстанымы:
Республика Ортсайлаукомының құрамы тағайындау жолымен құрылады: Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 7) тармақшасының негізінде «Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және екі мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды» және 57-бабының 1) тармақшасы негізінде Парламенттiң әр Палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз «Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды». Бұл конституциялық нормаларда Ортсайлауком саяси партиялардың кандидатураларды ұсынуы негізінде құрылатыны туралы айтылмаған. Бұл Ортсайлауком - оның Төрағасы мен мүшелерін саяси партиялардың қатысуынсыз басшы мемлекеттік органдар тағайындайтын, кәсіби тұрақты негізде жұмыс жасайтын мемлекеттік орган болып табылатынын білдіреді.
Осыдан Қазақстанның заңнамасы Орталық сайлау комиссиясын өз құрамына саяси партиялардың кеңесші дауыс беру құқығы бар өкілдерін енгізуді міндеттемейтіні туындайды. Бірақ саяси партиялар өздерінің кеңесші дауыс құқығы бар өкілдерін, Сайлау туралы Конституциялық заңның 10-бабы 3-тармағының негізінде құруға құқығы бар болғандықтан, еліміздің барлық қалған сайлау комиссияларына жібере алады.
2. «...сайлау учаскелерінің деңгейінде дауыс беру нәтижелері немесе хаттамалары ОСК веб-сайтында жарияланбайтын болды, бұл сайлау процесінің маңызды бөлігінің ашықтығын төмендетуі мүмкін.» (2-бөлім).
ОСК ұстанымы: Аталған қағида Сайлау туралы заңда көзделмеген. Осы Заңның 62-бабының 1-тармағына сәйкес Президент сайлауында дауыстарды санау нәтижелерi аумақтық сайлау комиссияларының отырысында белгiленедi және ОСК-ға жолданатын хаттамаға енгiзiледi, ал ол Заңның 65-бабының 1-тармағына сай осы хаттамалардың негізінде Президент сайлауының қорытындыларын белгiлейдi.
3. «ЕҚЫҰ/ДИАҚБ СБМ ҰМБ барлық өңірлерде сайлау комиссиялары мүшелерінің көпшілік саны олардың дауыс беру күні (негізінен, отбасы жағдайлары бойынша) сайлауға қатыса алмайтыны туралы өтініш бергенінен кейін алмастырылатынын хабарлады» (2-бөлім).
ОСК ұстанымы: Сайлау туралы Конституциялық заңның 19-бабы 6-тармағының 1) тармақшасына сай комиссия мүшелерінің мiндеттерiн атқарудан босату туралы өз еркiмен өтiнiш беруге құқығы бар. Сайлау комиссиясында жұмыс жасау олардың міндеті емес, құқығы болып табылады, сондықтан комиссияларды құратын органдардың олардың өтініштерін қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ.
4. «Алмастыру процесі шығып қалған комиссиялар мүшелерінің орнын алмастыру үшін жауапты органдар бөлігінде, осындай мүшелерді ұсыну ережесі, сондай-ақ олардың лауазымда болу мерзімі бөлігінде жеткілікті дәрежеде анық және ашық емес. Сондай-ақ алмастыру процесі бірыңғай жүзеге асырылмайды - көпшілік өңірлерде комиссияның жаңа мүшелерін жоғары тұрған сайлау комиссиялары тағайындаса, кейбір өңірлерде мұндай шешімдерді жергілікті кеңестер (мәслихаттар) немесе тиісті жоғары тұрған комиссия бекітеді» (2-бөлім).
ОСК ұстанымы: Жекелеген жағдайларда Сайлау туралы Конституциялық заң шығып қалған сайлау комиссиясы мүшесінің орнына ол сайланғанға дейін жоғары тұрған сайлау комиссиясының Сайлау туралы Конституциялық заңның 10-бабында белгіленген тәртіппен тағайындауына жол береді.
Жоғары тұрған сайлау комиссиялары бұл құқықты тек кейінге қалдыруға болмайтын ерекше жағдайларда ғана пайдаланатынын ескерген жөн. Мұндай жағдайларға өтіп жатқан сайлау науқандарын жатқызуға болады. Барлық қалған жағдайларда бос орындарды алмастыру мәслихаттардың сайлауы арқылы жүргізіледі.
Президенттің кезектен тыс сайлауы тағайындалған сәттен бастап мәслихаттардың сессиялары, атап айтқанда, Астана, Алматы қалаларында болды. Олар Сайлау туралы Конституциялық заңда белгіленген рәсімдерді сақтады.
Шығып қалған сайлау комиссиясы мүшесінің орнына тағайындау кезінде Сайлау туралы Конституциялық заңда, оның 19-бабының 9-тармағында, 20-бабының 12-тармағында белгіленген барлық талаптар ескеріледі.
Шығып қалғанның орнына тағайындау үшін жоғары тұрған сайлау комиссиясы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында әрекет ететін қоғамдық бірлестіктерден, саяси партиялардан ұсыныстар сұратуға не партиялар бұрын ұсынған, бірақ сайланбаған кандидатураларды пайдалануға құқылы.
5. Сілтемелердегі ескертпе: ЕҚЫҰ/ДИАҚБ СБМ ҰМБ Астана қаласында ОСК (облыстық сайлауком) УИК-тің мүшелерін алмастыруды жүзеге асырды, алайда бұл функция төмен тұрған АСК өкілеттіктеріне жатады деп хабарлады.» (2-бөлім).
ОСК ұстанымы: Сайлау туралы Конституциялық заңның 19-бабының 8-тармағында жоғары тұрған сайлау комиссиясы комиссия мүшесі сайланғанға дейін шығып қалған комиссия мүшесінің орнына комиссия мүшесін тағайындайтыны айтылған. Миссия келтірген мысалда Сайлау туралы Конституциялық заңның осы қағидасы орындалған. Учаскелік комиссияға қарағанда, қалалық комиссия жоғары болып табылатыны сөзсіз. Сондай-ақ бұл шешім сайлау процесіне қатысушылардың құқықтарын бұзуға әкелген жоқ.
6. Кейбір саяси партиялар, соның ішінде «Азат» партиясы және Қазақстан Коммунистік партиясы, сайлау комиссияларының құрамында өз өкілдері санының өте аздығына және «Нұр Отан» басқарушы партиясымен аффилирленген сайлау комиссиялары мүшелерінің аса жоғары санына байланысты алаңдаушылығын білдіреді, бұл сайлау комиссияларының бейтараптығына қатысты сенімсіздік туғызады (осы сөйлемге бірінші сілтеме: ОСК деректеріне сай, «Азат», «Ақ Жол», «Коммунистік партия» және «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» мүшелерінің еліміздің бүкіл аумағындағы барлық сайлау комиссияларындағы жалпы саны шамамен алты пайызды құрады.); осы ұсынысқа екінші сілтеме: «ЕҚЫҰ/ДИАҚБ СБМ ҰМБ Ақмола, Шығыс, Батыс және Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Өскемен, Павлодар және Жамбыл облыстарында сайлау комиссиялары мүшелерінің көпшілігі «Нұр Отан» партиясымен аффилирленгені туралы хабарлады» (2-бөлім).
ОСК ұстанымы:
Жекелеген саяси партиялар сайлау комиссияларының құрамдарындағы өкілдігінің төмендігі туралы пікірін білдіргенімен, сайлаукомдардың құрамдарын қалыптастыру кезінде көбінесе өздері онша белсенділік таныта қоймайды. Негізінен, жоғары белсенділікті Астана, Алматы қалаларында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда ғана байқауға болады. Шағын елді мекендерде кандидатуралар мейлінше аз ұсынылады.
Осылайша, аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты 2009 жылғы бірінші жартыжылдықта жер-жерде республика бойынша олардың жаңа құрамдарын қалыптастыру жұмысы жүргізілді.
Республика бойынша 13 286 сайлау комиссияларының құрамдарындағы 93 002 орынға үміткерлер ретінде барлығы 102 599 адам ұсынылды. Соның ішінде саяси партиялар - 77 674 кандидат (75,7%); қоғамдық бірлестіктер - 22 066 кандидат (21,5%); жоғары тұрған сайлау комиссиялары - 2 859 кандидат (2,8%) ұсынды. Саяси партиялардың ішінен «Нұр Отан» ХДП, «Ауыл» ҚСДП, ҚХКП және Қазақстан Патриоттары партиясы барынша белсенділік танытып, республиканың барлық өңірлеріндегі сайлау комиссияларының құрамдарына кандидаттарын ұсынды.
Сайлау заңнамасының талаптарын орындау үшін саяси партиялардың ұсыныстарына басымдық берілгенін тағы да қайталап, атап көрсетеміз. Осылайша, саяси партиялар ұсынған кандидаттардың ішінен түрлі деңгейдегі сайлау комиссияларының мүшелері болып 98,6% сайланды, ұсынылғандардың жалпы санынан қоғамдық бірлестіктер - 66,8%, жоғары тұрған сайлау комиссиялары - 58,8% сайлады. Соның ішінде «Нұр Отан» ХДП - 99,9%; «Руханият» партиясы - 99,2%; «Әділет» ҚДП мен Қазақстан Патриоттары партиясы - 99,1%; «Ауыл» ҚСДП - 98,9%; ҚХКП – 98,5%; «Ақ Жол» ҚДП - 96,9%; ҚКП – 93,8% және ЖСДП – 79,2%. ЖСДП партиясы бойынша оның 150 мүшесі Алматы қаласы сайлау комиссияларының құрамына енгізілді. Миссия атаған саяси партиялардың өз кандидаттарын ұсынуда белсенділік танытпайтынын атап көрсетуге мәжбүрміз. «Ақ Жол» және ЖСДП партиялары еліміздің 13 өңіріндегі (16 ішінен) комиссиялардың құрамдарына бірде-бір кандидат ұсынған жоқ.
7. «Жалпы сайлау алдындағы жағдай оппозициялық партиялардың жеткіліксіз дәрежеде қатысуымен сипатталады, бұл бәсекелі емес ортаның қалыптасуына әкеліп отыр.» (3-бөлім).
ОСК ұстанымы: Партиялардың бәрі тең, ал олардың кейбіреуін оппозициялық деп атау жөнсіз. Түрлі 3 саяси партиядан 4 кандидаттың қатысуы сол немесе өзге партия көздейтін мақсаттарға қарамастан, бәсекелі жағдайдың бар екенін айғақтайды.
8. «Президенттің кандидат ретіндегі және қазіргі Президент ретіндегі қызметі арасында ешқандай нақты бөлініс жоқ (3-бөлім).
ОСК ұстанымы: 2011 жылғы 3 наурызда сайлау алдындағы үгіт басталған күні қазіргі Президент Республикалық сайлауалды қоғамдық штабтың мүшелерімен кездесуде жеке өзінің белсенді сайлау алдындағы үгітті жүргізбейтіні, оның орнына мемлекеттік саясатты іске асырудың өзекті мәселелеріне көңіл аударатыны туралы шешімін жария етті. Сондықтан оның сайлау алдындағы науқанымен оның сенім білдірген адамдары айналысуда. Осыған байланысты ЕҚЫҰ/ДИАҚБ қазіргі Президент мәртебесінің оның кандидат ретіндегі мәртебесінен айырмашылығы жоқтығын емес, қазіргі Президенттің сайлау алдындағы үгітке жеке өзі қатыспай, қалған Президенттікке кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт науқанын өз пайдасына жүргізуі үшін қосымша мүмкіндіктер жасап отырғанын атап көрсетсе, орынды және қисынды болар еді.
9. «Сайлауға қатысушылар жалпы шағымдар мен өтініштерді беру рәсімі туралы жеткіліксіз хабардар етілген, ал тиісті биліктерде осы процесс туралы бірдей түсінік жоқ.» (1-бөлім).
ОСК ұстанымы: Заңның 12-бабының 5) тармақшасына сәйкес ОСК сайлау комиссияларының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) байланысты өтініштер мен шағымдарды қарайды. Ағымдағы жылғы 16 наурыздағы жағдай бойынша Ортсайлаукомға жеке және заңды тұлғалардың 197 өтініші келіп түсті. Соның ішінде 163 өтініш – «Лайықты тұрғын үй үшін» қоғамдық науқанына қатысушылардан, олар сайлау комиссияларының қызметіне қатысы жоқ тұрғын үй проблемаларына байланысты дауыс беруге қатысудан бас тартатыны туралы хабардар етті. 18 наурызда Ортсайлаукомға шешілмеген тұрғын үй проблемаларының болуына байланысты дауыс беруге қатысудан бас тартатыны туралы тағы 106 өтініш келіп түсті. Ортсайлауком дауыс беру олардың міндеті емес, белсенді конституциялық құқығы болып табылатыны туралы түсіндірме берді. Сайлау комиссияларының іс-әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне байланысты Ортсайлаукомға шағымдар келіп түскен жоқ. Мұның барлығы «сайлау ұйымдастырушыларда шағымдар мен апелляцияларды қарау процесіне байланысты тиісті түсінік жоқ» деуіне қатысы жоқ.
10. «ЕҚЫҰ/ДИАҚБ СБМ қазіргі Президенттің ресми лауазымдағы қызметінің елеулі түрде қосымша жария етілетінін, сондай-ақ Қазақстан тәуелсіздігінің соңғы 20 жылы ішіндегі жетістіктерінің көрсетілетінін атады.» (1-бөлім).
«...үгіт науқанын жүргізу кезеңінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ СБМ қадағалаудағы хабар таратушы кампаниялардың жаңалықтар бағдарламаларының шеңберінен тыс қазіргі Президенттің, жалпы, оның лауазымдық міндеттерін, атап айтқанда, оның өңірлерге ресми сапарлары туралы есептерде жария етудің қосымша 84 минут эфирлік уақытын алғанын атап көрсетті (осы ұсынысқа сілтеме: әсіресе «Хабарда» көп пайдаланылған жария етудің бұл түрі түсірілген материалдың қазіргі Президенттің ақысы төленген «жарнамалық роликтеріне» көпе-көрінеу ұқсастығын және айрықша оң сарында орындалғанын көрсетті»).
Жоғарыда айтылғанға қосымша ретінде, қадағалаудағы телевизиялық арналар түрлі нысандарда Қазақстан тәуелсіздігінің соңғы 20 жыл ішіндегі жетістіктерін және 2020 жылға дейінгі мемлекеттік даму бағдарламасын, қазіргі Президентті тиімді тұрғыдан көрсете отырып, таратты. (осы ұсынысқа сілтеме: «ЕҚЫҰ/ДИАҚБ СБМ ҰМБ мониторингінің деректеріне сай қадағалаудағы арналар эфиріндегі осындай жарнаманың жалпы ұзақтығы бір сағаттан астам уақытты құрады.»(4-бөлім).
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
