| 11.03.2016 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Орталық сайлау комиссиясы 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға халықаралық ұйымдардан тағы 110 байқаушыны аккредиттеді
2016 жылғы 11 наурызда Орталық сайлау комиссиясы «2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады.
Осы қаулыға сәйкес Ортсайлауком Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша сайлауды байқау жөніндегі екі Миссиядан және бір халықаралық ұйымнан тағы 110 байқаушыны аккредиттеді.
Олардың ішінде: 34 байқаушы - ТМД-дан байқаушылар Миссиясынан, 1 – ШЫҰ Миссиясынан, 75 – ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассамблеясынан.
Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Ортсайлауком 2016 жылғы 14 наурызға дейін жүзеге асырады.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2016 жылғы 10 наурыздағы № 11/755 ұсынымының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Игорь Николаевич Морозовты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан байқаушылар Миссиясының байқаушысы ретінде аккредиттеудің күшін жойды және оны Шанхай Ынтымақтастық Ұйымынан байқаушылар Миссиясының байқаушысы ретінде аккредиттеді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
