| 29.03.2011 |
|
Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына сәйкес, 28 наурызда 2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан байқаушыларды аккредиттеу аяқталды.
28 наурыз күнгі 21 сағат 00 минутта Орталық сайлау комиссиясының отырысы болып, онда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министргінің ұсынымы бойынша тағы 9 байқаушыны аккредиттеу туралы қаулы қабылданды.
Сонымен, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында аккредиттелген халықаралық байқаушылардың жалпы саны 1059 адам болды.
Соның ішінде, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясынан – 357 байқаушы, ТМД байқаушылар Миссиясынан – 426 байқаушы, ШЫҰ байқаушылар Миссиясынан – 13 байқаушы, түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясынан – 7 байқаушы, Ислам конференциясы ұйымынан – 5 байқаушы, Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясынан – 8 байқаушы, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясынан – 80 байқаушы, 25 шет мемлекеттен – 163 байқаушы.
Сыртқы істер министрлігі жанында қазіргі кезде шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының 90 өкілі тұрақты және уақытша аккредиттелген.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
