| 30.03.2011 |
|
2011 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қ.Т.Тұрғанқұлов Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын байқау жөніндегі ШЫҰ Миссиясының басшысы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы М.С.Иманалиев мырзамен кездесті. Кездесуге сондай-ақ ШЫҰ Хатшылығының кеңесшісі С.А.Имандосов қатысты.
Кездесу барысында Ортсайлауком Басшысы халықаралық байқаушыларды Орталық сайлау комиссиясының кезектен тыс сайлауды әзірлеу мен өткізу бойынша жұмысымен жан-жақты таныстырып өтті.
«Сайлау науқаны заңмен көзделген тәртіпте, кезең-кезеңімен өтіп келеді. Кандидаттар да сайлауалды үгіт жұмыстарын «лас» технологияларды қолданбай, қарқынды жүргізуде. Қазіргі кезде сайлау комиссиялары дауыс беру күніне әзірлік үстінде. Біз барлық сайлау рәсімдерінің заңмен белгіленген тәртіпте өткізілуін көздейміз»,- деп атап өтті Қуандық Тұрғанқұлов.
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын байқау жөніндегі ШЫҰ Миссиясының басшысы, өз кезегінде, ШЫҰ-ның белді мүшесі болып табылатын және биылғы жылы оған Төрағалық етіп отырған Қазақстандағы президенттік сайлауды байқауға ШЫҰ Миссиясы белсенді қатысуды көздеп отырғанын атап өтті.
М.Иманалиев мырза, сондай-ақ, сайлауды әзірлеу барысына, бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау науқанындағы жұмысына жоғары баға берді.
«Сайлауға дайындық өте байсалды және мұқият жүргізіліп жатқанына көзіміз жетіп отыр. Өз кезегімізде біздің Миссия сайлауды байқауды қазақстандық заңнама аясында және халықаралық өлшемдер негізінде жүргізетін боламыз»,- дей келе, кездесу соңында М.Иманалиев мырза Орталық сайлау комиссиясы бастаған сайлауды ұйымдастырушыларға табыс тіледі.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
