| 31.03.2011 |
|
2011 жылғы 31 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Хорват Республикасы Парламентінің депутаты Тонино Пицула басқарып келген делегациясымен кездесті.
Ортсайлауком Басшысы делегация мүшелерін Орталық сайлау комиссиясының президенттік сайлауды әзірлеу мен өткізіу бойынша атқарып отырған жұмысымен таныстырып өтті және бұл ретте сайлау науқанының кейбір ерекшеліктеріне, сайлау комиссияларын қалыптастырудың заңмен белгіленген тіртібіне, Президенттікке кандидаттардың сайлауалды үгіт жүргізу сұрақтарына баса тоқталды.
Кездесу барысында Ортсайлауком Төрағасы делегация мүшелерінің сайлау учаскелерінде дауыстарды санау және дауыс беру қорытындыларын шығару рәсіміне, қазақстандық байқаушылардың құқықтарына, ҚР ОСК-ның ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясымен ынтымақтастығына, сайлауды ұйымдастырушыларды оқытуға қатысты және т.б. сұрақтарына жауап берді.
Тонино Пицула мырза ҚР ОСК-ның басшылығына сайлауалды шараларға жасалған жан-жақты шолу мен көрсетілген әдістемелік көмек үшін ризашылығын білдірді және ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассамблеясы бүкіл ЕҚЫҰ кеңістігіндегі сайлауларды байқауды мақсат тұтатынын айтты. «Делегация мүшелерінің басым көпшілігінің сайлауларды байқаудағы айтарлықтай тәжірибесі бар. Қазақстандағы демократиялық үдерістер біз үшін аса маңызыды, және кезектен тыс президенттік сайлауды ұзақ мерзімді байқау бойынша бірінші есепті біз келесі дүйсенбі, 4 сәуір күні беретін боламыз»,- деп атап өтті делегация басшысы.
Кездесу соңында Қ.Тұрғанқұлов ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы делегациясына сайлауды байқауда табыстар тіледі. «ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының өкілдері Қазақстандағы барлық дерлік электоралдық науқандарды байқауға қатысты. Бағалар әрқашан объективті болды. Біз демократиялық және ашық сайлауды қамтамасыз ету үшін үлкен жұмыс атқардық. Сондықтан барлығымыз да сайлауды байқаудың адал да әділ болуына мүдделіміз»,- деп баса айтты Ортсайлауком Басшысы.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
