| 01.03.2016 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Орталық сайлау комиссиясы 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден тағы 20 байқаушыны аккредиттеді
2016 жылғы 1 наурызда Орталық сайлау комиссиясы «2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттер байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады.
Аталған қаулыға сәйкес Ортсайлауком Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша екі халықаралық ұйымнан және жеті шет мемлекеттен 20 байқаушыны аккредиттеді.
Олардың ішінде: 2 байқаушы - ТМД Миссиясынан; 4 байқаушы - ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясынан, 2 – Армения Республикасынан, 2 – Әзірбайжан Республикасынан, 2 – Грузиядан; 2 – Латвия Республикасынан; 2 – Малайзиядан; 2 – Ресей Федерациясынан және 2 - Эстония Республикасынан.
Осылайша, 2016 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Ортсайлауком екі халықаралық ұйымның Миссияларынан (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ және ТМД), бір халықаралық ұйымнан (Ислам ынтымақтастығы ұйымы) және сегіз шет мемлекеттен 175 байқаушыны аккредиттеді.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2016 жылғы 29 ақпандағы жағдай бойынша 26 мемлекеттен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының 112 өкілін аккредиттеді.
Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Ортсайлауком 2016 жылғы 14 наурызға дейін жүзеге асырады.
Сонымен қатар Ортсайлауком Сайлау туралы заңның 19-бабы 8-тармағына сәйкес сайлау заңнамасында белгіленген тәртіпте сайланғанға дейін шығып қалғандардың орнына Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының мүшесі етіп Г.К. Сүйеуованы және Астана қ. қалалық сайлау комиссиясының мүшесі етіп Ш.Ж. Мырзабекованы тағайындады.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
