| 04.04.2011 |
|
2011 жылғы 4 сәуір күні таңертеңгі сағат 10-да Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының брифингі болып өтті. Оның барысында Ортсайлаукомның Төрағасы Қ.Тұрғанқұлов Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының алдын-ала қорытындыларын жариялады.
Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларынан алынған жедел мәліметтер негізінде Орталық сайлау комиссиясы сайлауының алдын ала қорытындыларын анықтады.
Сайлаушылар дауысының бөлінуі келесідей:
Ж.А.Ахметбековке сайлаушылардың 1,4 % дауыс берген.
М.Х.Елеусізовке сайлаушылардың 1,2 % дауыс берген.
Ғ.Е.Қасымовқа сайлаушылардың 1,9 % дауыс берген.
Н.Ә.Назарбаевқа сайлаушылардың 95,5 % дауыс берген.
Ортсайлаукомның Төрағасы бұл әлі сайлаудың түпкілікті қорытындылары емес, тек алдын ала қорытындылары екенін баса айтты, өйткені аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары Орталық сайлау комиссиясына енді ғана түсе бастаған. Бұған сайлау заңнамасы бойынша екі күн мерзім беріледі.
Хаттамалардың түсуіне қарай сайлаушылардың келуі бойынша да, дауыс беру қорытындылары бойынша да мәліметтер нақтыланатын болады.
3 сәуір күні өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының түпкілікті қорытындыларына келетін болсақ, сайлау заңнамасына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы оларды аумақтық сайлау комиссиялары хаттамалары негізінде, сайлаудан кейінгі жеті күннен, яғни 2011 жылғы 9 сәуірден, кешіктірмей анықтауы тиіс.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
