| 04.04.2011 |
|
22 сағат 30 минутта Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының брифингі болып өтті.
«Бізге еліміздің шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарында орналасқан, сондай-ақ Қазақстанның шетелдік дипломатиялық өкілдіктерінде құрылған учаскелерден мәліметтер кейінірек келіп түседі. Олардың есебінсіз сайлаушылардың келуі туралы алдын-ала мәліметті сіздерге ұсынуға әзірміз», - деп атап өтті Қ. Тұрғанқұлов.
Облыстық, Алматы және Астана қалалық сайлау комиссияларынан түскен мәліметтерге қарағанда, жалпы республика бойынша сайлаушылардың дауыс беруге келуі 89,9 % құраған.
Соның ішінде өңірлерде:
Ақмола облысы бойынша – 93,1 %
Ақтөбе облысы бойынша – 95,1 %
Алматы облысы бойынша – 96,9 %
Атырау облысы бойынша – 91,7 %
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 94 %
Жамбыл облысы бойынша – 95,3 %
Батыс Қазақстан облысы бойынша - 92,6 %
Қарағанды облысы бойынша – 90,8 %
Қостанай облысы бойынша – 94 %
Қызылорда облысы бойынша – 94,9 %
Маңғыстау облысы бойынша – 94,2 %
Павлодар облысы бойынша – 88,3 %
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 92,3 %
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша – 93,1 %
Астана қаласы бойынша – 69,1 %
Алматы қаласы бойынша – 68,5 %
Қазіргі уақытта сайлау учаскелерінің барлығында дауыстарды санау жүргізіліп жатыр.
Сайлау заңнамасына сәйкес, дауыстарды санау уақыты санау басталған кезден бастап он екі сағаттан аспауы тиіс.
«Ертең сіздерді Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс берудің алдын-ала қорытындыларымен таныстыра алатын боламыз деп ойлаймын»,- деді Ортсайлауком Төрағасы брифингті аяқтай келе.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
