| 05.04.2011 |
|
2011 жылғы 5 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болып, онда 2011 жылғы 3 сәуірде болған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындылары анықталды.
«Кеше Орталық сайлау комиссиясына барлық облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларының хаттамалары келіп түсті, бұл сайлауының түпкілікті қорытындыларын шығаруға мүмкіндік берді»,- деді отырыстан соң өткен брифингте Ортсайлауком Төрағасы Қ.Тұрғанқұлов.
Келіп түскен мәліметтерге сәйкес, тізімге енгізілген 9200298 сайлаушының 8279676-ы сайлау бюллетенін алған.
Сайлаушылардың дауыс беруге келуі 89,99 % құрады. Сайлаушылар дауысы келесідей бөлінген:
Жамбыл Аужанұлы Ахметбековке – 111924 сайлаушының дауысы берілген, бұл 1,36 % құрайды.
Мэлс Хамзаұлы Елеусізовке – 94452 сайлаушының дауысы берілген, бұл 1,15 % құрайды.
Ғани Есенкелдіұлы Қасымовқа – 159036 сайлаушының дауысы берілген, бұл 1,94 % құрайды.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа – 7850958 сайлаушының дауысы берілген, бұл 95,55 % құрайды.
Сайлау учаскелерінде дауыс беру мен дауыстарды санау барысын байқауды барлығы 30266 адам жүргізген. Соның ішінде: кандидаттардың сенім білдірген адамдары - 9417, шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушылары мен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері - 1212, саяси партиялардың байқаушылары - 12828, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың байқаушылары - 6212, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері - 597.
Дауыс беру күні Орталық сайлау комиссиясына шағымдар келген жоқ, ал облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына барлығы 8 шағым түсті. Оладың барлығы да жедел түрде қаралған
Сайлаудың қорытындылары туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын және Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурында орналастырылатын болады.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
