| 26.02.2016 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
ҚР ОСК Төрағасының орынбасары В. Фоос және ҚР ОСК мүшесі М. Сәрсембаев
2016 жылғы 26 ақпанда Астана қаласы аумақтық сайлау
комиссиясының сайлауды ұйымдастырушылармен және сайлау процесіне
қатысушылармен болған семинарына қатысты
2016 жылғы 26 ақпанда Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының сайлауды ұйымдастырушылармен және сайлау процесіне қатысушылармен семинары болды.
Ортсайлауком өкілдері ретінде іс-шараға ҚР ОСК Төрағасының орынбасары В.К. Фоос, ҚР ОСК мүшесі М.А. Сәрсембаев, сондай-ақ ҚР ОСК аппараты қаржы-бақылау бөлімінің меңгерушісі М.Б. Мұхаметова қатысты.
«Үйлесімді бірлескен жұмыс сайлау заңнамасы нормаларының сақталуының немесе олардың бұзылуына уақтылы және жедел ден қоюдың міндетті шарты болып табылады. Үгіт кезеңінде сайлау заңнамасы нормаларының сақталуына мониторинг жүргізу жан-жақты болуы тиіс. Сайлау органдарының тарапынан, сондай-ақ байқаушылар мен сайлауалды жарысқа қатысушылар тарапынан.
Соңында, сайлаудың легитимділігін қамтамасыз ету, яғни сайлау заңнамасының талаптарына және халықаралық жалпыға бірдей танымал қағидаттарға сәйкес әділ және транспарентті сайлау науқанын өткізу - біздің негізгі міндетіміз» - деді В.К. Фоос өзінің сөйлеген сөзінде.
Іс-шара шеңберінде сайлау науқанын қаржылық, материалдық-техникалық, ұйымдастырушылық, құқықтық және ақпараттық қамтамасыз етуге қатысты мәселелер талқыланды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
