| 07.07.2011 |
|
2011 жылғы 7 шілдеде Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының нормативтерін белгіледі, сондай-ақ шығып қалғандардың орнына Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы мен Астана қаласы сайлау комиссиясының мүшелерін тағайындау туралы шешім қабылдады.
Отырыстан кейін болып өткен брифинг аясында Ортсайлауком Басшысы БАҚ өкілдерін сайлау науқанын қаржыландыру тәртібі жөнінде, сондай-ақ Парламент Сенаты депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тіркеу барысы туралы хабардар өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес, Парламент Сенат депутаттарының сайлауы республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
2011 жылы Сенат сайлауын өткізуге барлығы 142 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген.
Сенат депутаттығына кандидаттың әрқайсына сайлау алдындағы үгіт жүргізуге, сондай-ақ көлік шығындарын өтеуге республикалық бюджеттен 477 000 теңге бөлінетін болады. Бұл 2008 жылға қарағанда 90 % артық.
Есептеулер БАҚ-тар, баспаханалар мен көлік қызметінің өңірлерде қалыптасқан бағаларын ескере отырып жүргізілді.
Сонымен қатар, Сенат депутаттығына кандидаттардың сайлауалды үгіті кандидаттар құрған сайлау қоры есебінен де қаржыландырыла алады.
Сайлау қорлары Сайлау қорларын мемлекеттік тіркеу ережелерімен белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге жатады.
Кандидаттың сайлау қорын:
1) кандидаттың жалпы сомасы 3 199 800 теңгеден аспауы тиіс жеке қаражатынан;
2) Қазақстан Республикасы азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы 7 999 500 теңгеден аспауы тиіс ерікті қайырмалдықтарынан құрайды.
Осылайша, Сенат депутаттығына кандидаттың сайлау қорындағы қаржының жалпы сомасы 11 199 300 теңгеден аспауы керек.
Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, діни бірлестіктердің, өздерінің жарғылық капиталында шетелдік қатысушысы бар қазақстандық заңды тұлғалардың ерікті қайырмалдықтарына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың анонимдік қайырмалдықтарына тыйым салынады.
Сайлау қорына заңды жолмен алынған қаражат қана беріледі.
Кандидаттардың сайлау қорларына келіп түскен қаржының жалпы сомасы және оның көздері туралы ақпаратты сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап он күн ішінде облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайтын болады.
Кандидаттардың сайлау қорлары қаражаты Қазақстанның Халық банкінің өңірлік бөлімшелерінде жинақталады. Олардың пайдаланылуын бақылауды облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.
Ережелерді және сайлау қоры қаражатын жұмсаудың Орталық сайлау комиссиясы белгілеген тәртібін бұзу кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға әкеліп соғуы мүмкін.
Одан басқа, сайлау заңнамасына сәйкес, әрбір Сенат депутаттығына кандидат тіркелгенге дейін Орталық сайлау комиссиясының шотына депозит ретінде 239 мың 985 теңге мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі тиіс.
Сайлау қорытындылары бойынша кандидат Сенат депутаты болып сайланған немесе дауыс беруге қатысқан таңдаушылар дауысының кемінде бес процентін алған жағдайда, енгізілген жарна кандидатқа қайтарылады.
7-ші шілде күнгі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына барлығы 87 кандидат ұсынылған.
Осылайша, орташа есеппен алғанда, бір депутаттық мандатқа 5 үміткер бәсекеге түсіп отыр.
Ең көп кандидат ұсынған өңір Жамбыл облысы – 9 адам. 7 облыс 4 үміткерден ұсынып отыр.
15 адамды мәслихаттар ұсынған, 72 кандидат – өзін-өзі ұсынғандар. Ұсынылған кандидаттардың ішінде 4 әйел бар.
Үміткерлердің 9-ы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қазіргі кездегі депутаты болып табылады.
Ұсынылған кандидаттардың 42-сі – «Нұр Отан» партиясының мүшелері. «Ақ Жол», «Ауыл», «Руханият» партиялары мен Қазақстанның патриоттар партиясынан бір-бір өкілден ұсынылған. 17 адам өздерінің партияға қатыстылығын көрсетпеген. 24 адам –партияда жоқтар.
Қазіргі сәтке дейін Сенат депутаттығына 56 кандидат тіркелеген.
Ортсайлауком бекіткен Күнтізбелік жоспарға сәйкес, кандидаттар ұсыну 19 шілдеге дейін жалғасады.
Кандидаттарды тіркеуді облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары 29 шілдеге дейін жүргізеді.
Жалпы алғанда сайлау науқаны қалыпты жағдайда өтуде. Осы уақытқа дейін Орталық сайлау комиссиясына 2 шағым келіп түсті. Тексеру барысында оларда айтылған фактілер расталмады. Шағымданушыларға уақтылы жауап берілді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
