| 30.07.2011 |
|
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, 29 шілде күні кандидаттарды тіркеу аяқталды (тек Ақтөбе облысында бұл жұмыс 5 тамызға дейін жүреді).
2011 жылғы 30 шілдеде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кандидаттарды тіркеу қорытындыларына арналған отырысы болды.
Ортсайлаукомның мәліметтері бойынша, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының 16 мандатына ұсынылған 96 үміткерден облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары барлығы 52 кандидатты тіркеген. (Салыстыру үшін: 2005 жылы –- 47, ал 2008 жылы – 50 кандидат тіркелген болатын).
Ең көп үміткерлер Қызылорда облысында тіркелген – 5 адам. Атырау, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында - 4 үміткерден, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласында - 3 үміткерден, Алматы облысында - 2 үміткер.
Республика бойынша орташа есеппен алғанда1 депутаттық мандатқа бәсекелестік 3 адамнан асады.
Үміткерлердің орташа жасы – 54 жасты құрайды.
Мамандығы бойынша: 9 инженер, 9 экономист, 5 заңгер, 1 саясаттанушы, 28 басқа мамандық иелері бар.
Қызметі бойынша: 7 кандидат - Парламент Сенатының депутаты (2005 жылы Сенат депутаттығына кандидат ретінде – 11 сенатор, 2008 жылы – 7 сенатор дауысқа түскен болатын), 22 – мемлекеттік органдар, ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкері, 12 – кәсіпкерлік құрылымдардың өкілі, 7 – ғылым, мәдениет және білім қызметкері.
Партияға қатыстылығы бойынша: 28 кандидат - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының мүшесі, бір-бірден «Ақ Жол», «Ауыл», «Руханият» партияларының мүшелері бар, 13 кандидат партияда жоқ, 8 кандидат өзінің партияға қатыстылығын көрсетпеген..
9 үміткер өз кандидатурасын алып тастау жөнінде өтініш беруіне байланысты тіркелмеді.
6 адам Парламент Сенаты депутаттығына кандидат ретінде тіркелгеннен кейін сайлауға қатысудан бас тартты. Тапсырылған декларациясындағы табысы мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыс болмай шығуы себепті 1 кандидатты тіркеу туралы шешімнің күші жойылды.
Қажетті құжаттарды заңмен көзделген мерзімде тапсырмауына байланысты 25 кандидатты тіркеуден бас тартылды.
Жалпы алғанда, сайлау науқаны қалыпты жағдайда және сайлау заңы талаптарына сәйкес өтуде.
Сайлау науқаны басталғалы бергі мерзімде Орталық сайлау комиссиясына Солтүстік Қазақстан облысынан кандидаттарды тіркеу барысында заң бұзушылық орын алды деген екі шағым келіп түсті. Тексеру барысында оларда көрсетілген фактілер расталмады. Шағым авторларына уақтылы жауап берілді.
30 шілдеден бастап барлық тіркелген кандидаттар сайлау алдындағы үгіт жұмысына кірісе алады. Күнтізбелік жоспарға сәйкес, ол 2011 жылғы 17 тамыздағы түнгі сағат 24.00-ге дейін жүреді.
Тек Ақтөбе облысында ғана, кандидаттарды ұсыну мен тіркеу мерзімінің ұзартылуына байланысты, үміткерлердің сайлауалды үгіті 6 тамыз күні басталады.
Барлық кандидаттардың тең жағдайда сайлауалды үгіт жүргізуі кепілдендірілген.
Бұл ретте, БАҚ арқылы үгіт жүргізу үшін әрбір кандидатқа республикалық бюджеттен телевизиядан 15 минут, радиодан 10 минут сөз сөйлеуге, сондай-ақ баспа басылымдарында 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екі мақала жариялауға теңдей қаражат бөлінген.
Кандидаттар шығынының нормативтерін бекіту туралы тиісті қаулыны Ортсайлауком 7 шілдеде қабылдаған болатын.
Сайлауалды көпшілік іс-шараларын өткізу үшін сайлау комиссияларының өтінімі бойынша жергілікті басқару органдары кандидаттарға таңдаушылармен және азаматтармен кездесулер өткізуге шарттық негізде және өзге кандидаттармен тең жағдайда үй-жай беруге міндетті.
Сондай-ақ кандидат сайлауалды үгітті баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгіт материалдарын шығару және тарату жолымен жүргізе алады. Барлық үгіт баспа материалдарының осы материалдарды шығарған ұйым, басып шығарылған жері мен таралымы, тапсырыс берген тұлға, қандай көздерден қаржыландырылғаны туралы мәліметтері болуы тиіс.
Жергілікті атқарушы органдар тиісті сайлау комиссияларымен бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеуі және оларды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандыруы тиіс.
Қазіргі уақытта барлық облыс орталықтарында, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында 2011 жылғы 19 тамызда таңдаушылардың отырыстары өтетін орындар мен уақыты анықталған.
Орталық сайлау комиссиясының отырысында сондай-ақ «2011 жылғы 19 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттары сайлауындағы сайлау бюллетеньдері туралы» қаулы қабылданды.
Бұл қаулыға сәйкес, қарғалу деңгейлері бар сайлау бюллетеньдері бланкілерінің қажетті саны бір орталықтан дайындалып, кейін өңірлерге жеткізілетін болады.
Кандидаттардың тегін бюллетеньдерге облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары жергілікті жерлерде енгізетін болады.
Сондай-ақ, бүгін Орталық сайлау комиссиясы халықаралық байқаушылардың 2011 жылғы 19 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттары сайлауындағы қызметіне қатысты бірқатар шешімдер қабылдады, және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясының ТМД Миссиясының құрамында кіретін 8 байқаушысын аккредиттеді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
