| 17.02.2016 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2016 жылғы 17 ақпанда Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарын сайлауда саяси партияларға дауыс беруге арналған сайлау бюллетенінің мәтінін бекітті және сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының тағы 28 байқаушысын аккредиттеді
2016 жылғы 17 ақпанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды, онда «2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойынша саяси партияларға және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы бойынша дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері туралы» қаулы қабылданды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-, 24- және 37-баптарына сәйкес ҚР ОСК 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сайлау комиссияларына ұсынылған сайлаушылар туралы мәліметтерге сай дайындалуға және сайлау учаскелеріне жеткізілуге тиіс сайлау бюллетеньдерінің саны, Қазақстан Республикасындағы сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызы резервін қоса мынадай болатынын белгіледі:
1) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойынша – 9889075 дана;
2) Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы бойынша – 18321969 дана.
Сондай-ақ Ортсайлауком саяси партияларға дауыс беруге арналған сайлау бюллетенінің мәтінін бекітіп, сайлау бюллетеньдерінің қорғалу дәрежесін белгіледі.
Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары сайлау бюллетеньдерін сайлау учаскелеріне уақтылы жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс.
Сонымен қатар ҚР ОСК «2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады.
Аталған қаулыға сәйкес Ортсайлауком Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының тағы 28 байқаушысын аккредиттеді.
Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Ортсайлауком 2016 жылғы 14 наурызға дейін жүзеге асырады.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
