| 11.07.2011 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары В.К.Фоос Еуропа Одағының Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің Басшысы Норбер Жустен бастаған Еуропалық Одақ делегациясымен кездесті.
Кездесу барысында В. Фоос делегация мүшелерін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарын сайлау бойынша науқанның барысымен таныстырып, Сенат депутаттығына кандидаттар ұсыну және тіркеу тәртібіне, кандидаттарға Конституциямен және сайлау заңнамасымен қойылатын талаптарға, сайлау қорытындыларын шығаруға, сайлауды халықаралық байқауға қатысты сауалдарға жауап берді.
Сондай-ақ, Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы арасында ынтымақтастық орнату, Еуроодақ пен ҚР ОСК сарапшылары деңгейінде Қазақстанның сайлау заңнамасын демократиялық сайлаудың халықаралық стандарттарына сәйкес одан әрі жетілдіру жөніндегі пікір алмасулар ұйымдастыру бойынша пікір алмасылды.
Норбер Жустен мырза Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының алда болатын сайлауына орай Еуропалық Одақ Қазақстанның сайлау заңнамасын жетілдіруге қолдау көрсетуді ниет етіп отырғанын атап өтті. Сондықтан, Еуроодақ пен ҚР ОСК-сының келісілген ұстанымын айқындау мақсатында сарапшылар деңгейінде сайлау заңнамасы бойынша да, тікелей сайлау процесі бойынша да пірік алмасу ұйымдастырған дұрыс болар еді. «Алдағы сайлау ынтымақтастықты дамытуға, Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы келісімге қол қойылуына оң әсер ететініне сенімдімін. Бұл келімінің жобасы қазіргі кезде талқыланып жатыр және жақын жылдары ратификациялануы мүмкін», - деп тұжырымдады сөзін Еуропа Одағының Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің Басшысы.
В. Фоос, өз кезегінде, Норбер Жустен мырзаға ризашылығын білдірді және Қазақстанның сайлау органдарының ынтымақтастыққа әзір екенін айтты. «Еуроодақ пен ҚР ОСК сарапшыларының консультацияларын ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларының өзінде-ақ бастап кетуге болады», - деді кездесу соңында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
