| 15.02.2016 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2016 жылғы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары В.К. Фоос Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания Құрама Корольдігі және Солтүстік Ирландия Елшілігі Миссиясы Басшысының орынбасары Сара Пикерингпен кездесті
2016 жылғы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары В.К. Фоос Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания Құрама Корольдігі және Солтүстік Ирландия Елшілігі Миссиясы Басшысының орынбасары Сара Пикерингпен кездесті.
Кездесуге сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшелері М. Сәрсембаев пен Т. Охлопкова қатысты.
Кездесуге қатысушылар ағымдағы сайлау науқанының кезеңдері мен ерекшеліктерін, дауыс беру қорытындылары бойынша дауыстарды санау рәсімін, Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауды және мәслихаттар депутаттарын сайлауды өткізу тәртібін талқылады.
Пикеринг ханым Қазақстанның жағымды тәжірибесі ретінде әлемдегі қазіргі қаржы дағдарысы жағдайында екі сайлауды қосып өткізу нәтижесінде мүмкін болған бюджет қаражатын үнемдеуді атап өтті.
Соңында В.К. Фоос сайлау процесін ұйымдастыру саласында тәжірибе алмасу түрлі елдердің сайлау органдары арасындағы екі жақты қатынастардың дамуының тиімді әдістерінің бірі, сондай-ақ ұлттық сайлау жүйелерін одан әрі дамытудың және жетілдірудің жаңа жолдары мен әдістерін айқындау болып табылатыны туралы пікірін білдірді
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
