| 12.02.2016 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2016 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
«Бірлік» Саяси Партиясының партиялық тізімін тіркеді
2016 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы «Бірлік» Саяси Партиясының партиялық тізімін тіркеді.
Ортсайлауком Төрағасы Қ. Тұрғанқұлов ҚР ОСК-ның отырысына қатысқан «Бірлік» СП Төрағасының орынбасарлары Т.Ш. Қуанышевқа және Б.К. Байқадамовқа Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың куәліктерін тапсырды, сондай-ақ «Бірлік» СП-дан партиялық тізімге енгізілген Мәжіліс депутаттығына барлық кандидаттардың куәліктерін берді.
2016 жылғы 12 ақпандағы жағдай бойынша Ортсайлаукомға ұсынылған 6 партиялық тізімнің барлығы тіркелді. Олар – «Нұр Отан» партиясының, «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның, «Ауыл» ХДПП-ның, ҚКХП-ның, ЖСДП-ның және «Бірлік» СП-ның партиялық тізімдері.
Сондай-ақ Ортсайлауком отырысында «2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылданды.
Аталған қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы жанынан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының алғашқы 12 байқаушысы аккредиттелді.
Сонымен қатар сайлау туралы заңның 12-бабына, 19-бабының 8-тармағына сәйкес Ортсайлауком заңнамада белгіленген тәпртіппен сайланғанға дейін Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына С.Қ. Мәдиеваны тағайындады
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
