| 11.02.2016 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2016 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының партиялық тізімін тіркеді
2016 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының партиялық тізімін тіркеді.
Ортсайлауком Төрағасы Қ. Тұрғанқұлов ҚР ОСК-ның отырысына қатысқан ЖСДП Республикалық сайлауалды штабы Басшысының орынбасары А.Н. Рахымжановқа Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттың куәлігін тапсырды, сондай-ақ ЖСДП-дан партилық тізімге енгізілген Мәжіліс депутаттығына барлық кандидаттардың куәліктерін берді.
2016 жылғы 11 ақпандағы жағдай бойынша Ортсайлаукомға 6 партиялық тізім ұсынылды.
«Нұр Отан» партиясының, «Ақ жол» ҚДП-ның, «Ауыл» ХДПП-ның, ҚКХП-ның және ЖСДП-ның партиялық тізімдері тіркелді.
Сондай-ақ Ортсайлауком отырысында «2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы бойынша дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін дайындау жөніндегі баспаханаларды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2016 жылғы 4 ақпандағы № 10/95 қаулысына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес Алматы қаласы, Алматы, Атырау және Маңғыстау облыстары үшін мәслихаттар депутаттарын сайлау бойынша сайлау бюллетеньдерін дайындауды «АВК+» ЖШС жүзеге асырады.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
