| 18.08.2011 |
|
2011 жылғы 18 тамызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қ. Тұрғанқұловтың ресейлік және украиналық масс-медиа өкілдерімен кездесуі болып өтті.
Журналистер Қазақстанда Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын әзірлеуге және өткізуге байланысты болып жатқан уақиғалармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сайлау жүйеснің және сайлау заңнамасының жалпы даму үдерісімен жан-жақты танысуға мүдделілік танытты.
Ортсайлауком Басшысы делегация мүшелерін Орталық сайлау комиссиясының алдағы сайлауды әзірлеу және өткізу бойынша жұмысымен, сондай-ақ сайлау науқанының негізгі кезеңдерімен таныстырып өтті.
Кездесу барсында Қуандық Тұрғанқұлов делегация мүшелерінің сайлаудың құқықтық базасына, тәуелсіз Қазақстанның сайлау жүйесінің қалыптасуы тарихына, Сенат мандатынан үміткерлерге Конституция мен сайлау туралы Конституциялық заң қоятын талаптарға, сайлауды әзірлеу мен өткізуге бөлінген қаражат мөлшеріне, Ортсайлауком мен сайлау процесіне қатысушылардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қарым-қатынасына, сайлау процесінің айқындығын қамтамасыз етуге, барлық кандидаттардың БАҚ-тарға тең қол жеткізу тетіктеріне, дауыс беру және сайлаудың қорытындыларын шығару процесіне, келіп түскен шағымдар мен өтініштердің санына қатысты сауалдарына жауап берді.
Сондай-ақ Ортсайлауком Басшысы ресейлік және украиналық БАҚ өкілдерін халықаралық байқаушылардың электоралдық науқанды байқауға қатысуы туралы хабардар етті, олардың құқықтары туралы айтып берді.
Кездесу соңында Қ.Тұрғанқұлов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанында аккредиттелген шетелдік БАҚ өкілдерінің сайлау науқаны барысын байқауға белсене қатысатынына сенімділігін білдірді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
