| 08.02.2016 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2016 жылғы 8 ақпанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
Қазақстан Коммунистік Халық партиясының партиялық тізімін тіркеді
2016 жылғы 8 ақпанда Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Коммунистік Халық партиясының партиялық тізімін тіркеді.
Ортсайлауком Төрағасы Қ. Тұрғанқұлов ҚР ОСК отырысына қатысқан ҚКХП Орталық Комитетінің Хатшысы Т. Ы. Сыздықовқа және ҚКХП Орталық Комитетінің Құрметті Хатшысы В.Б. Косаревке Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттың куәліктерін тапсырды.
Т.Ы. Сыздықовқа сондай-ақ ҚКХП-ның партиялық тізімге енгізілген Мәжіліс депутаттығына барлық кандидаттардың куәліктері берілді.
2016 жылғы 8 ақпандағы жағдай бойынша Ортсайлаукомға 6 партиялық тізім ұсынылды.
«Нұр Отан» партиясының, «Ақ жол» ҚДП-ның, «Ауыл» ХДПП-ның және ҚКХП-ның партиялық тізімдері тіркелді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
