| 11.08.2011 |
|
2011 жылғы 11 тамызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қ.Т.Тұрғанқұлов ТМД-дан байқаушылар Миссиясы Штабының басшысы – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер Атқарушы комитетінің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердегі сайлауларды байқау Миссиясын ұйымдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Е. А. Слобода мен ТМД-дан байқаушылар Миссиясы Штабының мүшесі, ТМД Атқарушы комитеті сараптық-құқықтық бөлімінің кеңесшісі Е. В.Козякты қабылдады.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын халықаралық байқауды ұйымдастыру сұрақтары бойынша пікір алмасты.
Қ.Т.Тұрғанқұлов Ортсайлаукомның ТМД Миссиясына сайлауды байқауды ұйымдастыруда ақпараттық және басқа да барлық қажетті көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.
ТМД Миссиясының байқаушыларының Қазақстанда, соның ішінде Сенат депутаттарының сайлауында, жұмыс істеудің бай оң тәжірибесі бар.
Миссиясия байқаушыларының пікірі бойынша сайлауға әзірлік құқық ауқымында, демократиялық негізде өтіп жатыр.
Олар байқау нәтижелері бойынша өзінің тұжырымдары мен ұсыныстарын сайлау науқаны аяқталған бойда көпшілік қауымның назарына ұсынуды көздеп отыр.
Сондай-ақ, 11 тамызда Ортсайлаукомның отырысы болып, онда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан байқаушылар миссиясының тағы 60 байқаушысын тіркеу туралы шешім қабылдады. Олардың 9-ы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің Парламентаралық Ассамблеясының өкілдері.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
