| 06.02.2016 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2016 жылғы 6 ақпанда Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясы «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының партиялық тізімін тіркеді
2016 жылғы 6 ақпанда Орталық сайлау комиссиясы «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының партиялық тізімін тіркеді.
Ортсайлауком Төрағасы Қ. Тұрғанқұлов ҚР ОСК отырысына қатысқан «Ауыл» ХДПП-ның Төрағасы Ә.Ә. Бектаевқа Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат кәуліктерін партияластарына беру үшін тапсырды.
Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Ортсайлауком бекіткен күнтізбелік жоспарына сәйкес партиялық тізімдерді ұсыну 8 ақпанда, ал тіркеу 19 ақпанда аяқталады.
2016 жылғы 6 ақпандағы жағдай бойынша Ортсайлаукомға 5 партиялық тізім ұсынылды. Олардың үшеуі тіркелді. Бұл - «Нұр Отан» партиясының, «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның және «Ауыл» ХДПП-ның партиялық тізімдері.
Баспасөз қызметі
тел. 75-28-44, 75-23-69
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
