| 19.08.2011 |
|
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының кезекті сайлауын 2011 жылғы 19 тамызға тағайындау туралы» Жарлығына сәйкес, бүгін еліміздің 16 өңірінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру өтуде.
Сайлау туралы заңға сәйкес, таңдаушылардың бірлескен отырысы, егер оған тиiсiнше облыстың барлық мәслихаттарының, Астана мен Алматы қалалары мәслихаттары депутаттарының елу пайызынан астамы қатысса, өткiзiлген болып есептеледi.
Республикада әртүрлі деңгейдегі 213 мәслихат бар. Мәслихаттардағы 3335 депутаттық мандаттардың бүгінгі күні 51-і – бос. Сөйтіп, таңдаушылар тізімдеріне барлығы 3284 адам енгізілген.
Дауыс беру бюллетеньдеріне Сенат депутаттығына кандидат етіп тіркелген 39 үміткердің аты-жөні енгізілген.
Еліміздің барлық өңірлерінде сайлау баламалы негізде өтуде.
Астана уақыты бойынша сағат 10-дағы жағдай бойынша, таңдаушылардың отырыстары Астана, Алматы қалаларында, сондай-ақ Атырау, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында ашылған. Бұл өңірлерде отырысқа таңдаушылардың Астанада – 96%, Алматыда – 91,9%, Атырау облысында – 95,5%, Қостанай облысында – 98,3%, Қызылорда облысында – 91,8% және Солтүстік Қазақстан облысында – 98,1% қатысуда.
Басқа өңірлерде таңдаушылардың бірлескен отырыстары Астана уақыты бойынша сағат 11-де ашылады.
Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларының мәліметтері бойынша, осы кезге дейін Сенат депутаттығына кандидаттардың 15 сенім білдірілген адамдары тіркелген. Сондай-ақ, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 22 байқаушысы, саяси партиялардың 9 байқаушысы, қоғамдық ұйымдардың 12 байқаушысы, бұқаралық ақпарат құралдарының 90 өкілі тіркелген.
Таңдаушылардың отырыстары қалыпты, тыныш және іскерлік жағдайда өтуде. Сайлау комиссиялары мен жергілікті билік органдары тарапынан қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі барлық шаралар қабылданған.
Сайлау заңнамасын бұзу фактілері тіркелген жоқ.
Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ облыстық, Астана мен Алматы қалалық сайлау комиссияларына сайлау процесіне қатысушылардан, азаматтар мен ұйымдардан келіп түскен шағымдар мен өтініштер де жоқ.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
