| 19.08.2011 |
|
2011 жылғы 19 тамызда, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, еліміздің барлық облыстарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында Парламент Сенатының 16 депутатының сайлауы болып өтті.
Дауыс беру 39 кандидатура бойынша жүргізілді.
Сайлау заңнамасына сәйкес, аумақтық сайлау комиссиялары бастапқы қорытындыларды дауы беру күні – 2011 жылғы 19 тамызда шығарды.
Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларының жедел мәліметтері бойынша, таңдаушылар тізімдеріне енгізілген мәслихаттардың 3283 депутатының дауыс беруге 96,6% қатысқан.
Алдын-ала мәліметтерге сәйкес, дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың басым көпшілік дауысын алғандар:
• Астана қаласында - Редкокашин Владимир Николаевич (91,7% жуығы)
• Алматы қаласында - Бижанов Ақан Құсайынұлы (88,2%)
• Ақмола облысында - Ергалиев Жабал Ерғалиұлы (84,6%)
• Ақтөбе облысында - Сағындықов Елеусін Наурызбайұлы (90,8%)
• Алматы облысында - Тұрлашов Ләззат Махатұлы (94,3%)
• Атырау облысында - Ищанов Қайрат Қыдырбайұлы (66,4%)
• Шығыс Қазақстан облысында - Абайділдин Талғатбек Жәмшитұлы (89,7%)
• Жамбыл облысында - Астаев Ертарғын Кәкімбекұлы (90,8%)
• Батыс Қазақстан облысында - Ахметов Рашит Сайранұлы (86,9%)
• Қарағанды облысында – Акылбай Серік Байсеитұлы (94,6%)
• Қостанай облысында – Нұргалиев Жеңіс Мирасұлы (92,4%)
• Қызылорда облысында – Мұхамедов Мұрат Бахтиярович (81,3 %)
• Маңғыстау облысында – Шелпеков Бақтыбай Ақбердіұлы (98,2%)
• Павлодар облысында – Күзеков Асхат Сайпиұлы (91,3%)
• Солтүстік-Қазақстан облысында – Ескендіров Самат Сапарбекұлы (82,5%)
• Оңтүстік Қазақстан облысында – Айтаханов Куаныш Айтаханұлы (81,9 %).
Дауыс беру, сондай-ақ барлық сайлау рәсімдері қалыпты іскерлік жағдайда, сайлау заңнамасына сәйкес өткізілді.
Еліміздің барлық өңірлерінде дауыс беру, дауыстарды санау және дауыс беру қорытындыларын шығару барысын байқауды 52 халықаралық байқаушы, 10 шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, 99 кандидаттардың сенім білдірілген адамдары, республикасының саяси партиялары мен қоғамдық бірлестіктерінің байқаушылары, сондай-ақ 210 отандық масс-медиа өкілдері жүзеге асырды.
Сайлау заңын бұзу фактілеріне қатысты сайлау органдарының атына бүгінгі күні келіп түскен шағымдар мен өтініштер жоқ.
Дауыс беру қорытындылары туралы хаттамаларды облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары Ортсайлаукомға 20 тамыздан кешіктірмей жіберуі тиіс.
Сайлау заңнамасына сәйкес, бұл хаттамалардың мәліметтері негізінде Орталық сайлау комиссиясы 25 тамыздан кешіктірмей сайлаудың түпкілікті қорытындыларын анықтауы, және 28 тамыздан кешіктірмей олар туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы тиіс.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
