| 04.02.2016 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2016 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
отырысы болды
4 ақпанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды, онда «2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы бойынша дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін дайындау жөніндегі баспаханаларды айқындау туралы» қаулы қабылданды.
Аталған қаулыға сәйкес әр облыс, сондай-ақ Астана және Алматы қалалары үшін қажетті техникалық және ұйымдастырушылық мүмкіндіктері бар, Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауда сайлау бюллетеньдерін әзірлейтін нақты баспаханалар анықталды.
Сондай-ақ ҚР ОСК Ортсайлаукомның 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 161/306 қаулысымен бекітілген Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есеп алу қағидаларына бірқатар өзгерістер енгізді.
Атап айтқанда, Қағидалардан 7-тармақ алынып тасталды, ал 8-тармақ жаңа редакцияда жазылды, оған сәйкес «есептен шығару куәлігі бір елді мекеннің шегіндегі басқа сайлау округінде немесе басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысқысы келетін сайлаушыларға берілмейді».
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
