| 19.08.2011 |
|
Астана уақыты бойынша күндізгі 12 сағат 30 минуттағы жағдай бойынша, таңдаушылардың отырыстарына мәслихаттар депутаттарының қатысуы 96,6 % құрады.
Өңірлерде таңдаушылардың дауыс беруі негізінен аяқталды. Қазіргі кезде тиісті сайлау комиссиялары оның қорытындыларын шығаруда.
Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары берген алдын-ала мәліметтер бойынша, қазіргі сәтте барлығы 371 байқаушы тіркелген.
Олардың ішінде: Сенат депутаттығына кандидаттардың 33 сенім білдірілген адамы, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 52 байқаушысы, саяси партиялардың 29 байқаушысы, қоғамдық ұйымдардың 37 байқаушысы, қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының 220 өкілі бар.
Таңдаушылардың отырыстары қалыпты, іскерлік жағдайда өтуде.
Сайлау заңнамасын бұзу фактілері тіркелген жоқ.
Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ облыстық, Астана мен Алматы қалалық сайлау комиссияларына сайлау процесіне қатысушылардан, азаматтар мен ұйымдардан шағымдар мен өтініштер түскен жоқ.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
