| 03.02.2016 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2016 жылғы 3 ақпанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына
Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының партиялық тізімі ұсынылды
2016 жылғы 3 ақпанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына 35 адам енгізілген Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының партиялық тізімі тіркеуге ұсынылды.
Сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес партиялық тізімді саяси партияның өкілі Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының партиялық тізімді ұсыну туралы кезектен тыс XІІІ съезінің хаттамасынан үзінді көшірмемен бір мезгілде тапсырды.
Өкілдің өкілеттіктері тиісті құжаттармен расталған.
Партиялық тізімді тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына мынадай құжаттар ұсынылды:
1) саяси партияның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаттың көшірмесімен қоса Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының партиялық тізімді ұсыну туралы кезектен тыс XІІІ съезінің хаттамасынан үзінді көшірмесі;
2) партиялық тізімге енгізілген азаматтардың тізімге енгізуге келісімі туралы өтініштері;
3) партиялық тізімге енгізілген әрбір адамның өмірбаяндық деректері;
4) салық органының партиялық тізімге енгізілген кандидаттардың және олардың жұбайларының табысы мен мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы анықтамалары;
5) партиялық тізімге енгізілген адамдардың «Ақ жол» ҚДП партиясында мүшелігін растайтын құжаттар.
Сайлау заңнамасына сәйкес Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы өткен сайлауда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың жалпы санының жеті пайыздан артық дауысын алғандықтан, сайлау жарнасын енгізуден босатылады.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
