| 22.08.2011 |
|
2011 жылғы 22 тамызда Орталық сайлау комиссиясы өзінің отырысында 2011 жылғы 19 тамызда болған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттары сайлауының қорытындыларын анықтады.
Еліміздің Конституциясына және сайлау туралы Конституциялық заңға сай, Парламенттің жоғарғы палатасына 16 депутат, яғни әрбір облыстан, Астана және Алматы қалаларынан бір-бір депутаттан, сайланды.
Комиссия отырысынан кейін өткен баспасөз конференциясында Ортсайлауком басшысы атап өткендей: «Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар Елбасының сайлауды ұйымдық, қаржылық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын уақтылы орындады. Еліміздің сайлау органдары барлық ұйымдастырушылық шараларды Ортсайлауком бекіткен Күнтізбелік жоспарға және сайлау заңнамасымен белгіленген рәсімдерге сәйкес жүргізді».
Электоралдық науқан барысында барлығы 96 кандидат ұсынылды (ал 2008 жылы 88 үміткер ұсынылған болатын).
Нәтижесінде облыстық, Астана және Алматы сайлау комиссиялары таңдаушылардың бірлескен отырыстарын өткізу күніндегі жағдай бойынша барлығы 39 кандидатты тіркеді және олардың аты-жөні мен тегі жасырын дауыс беру бюллетендеріне енгізілді (2008 жылы дауыс беру 37 кандидатура бойынша жүргізілген еді).
Тізімдерге енгізілген 3283 таңдаушының дауыс беруге 3172, немесе олардың жалпы санының 96,6% қатысты.
26 сайлау бюллетені жарамсыз деп танылған.
Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларының дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2011 жылғы 19 тамызда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып:
• Астана қаласынан - Редкокашин Владимир Николаевич
• Алматы қаласынан - Бижанов Ақан Құсайынұлы
• Ақмола облысында - Ергалиев Жабал Ерғалиұлы
• Ақтөбе облысынан - Сағындықов Елеусін Наурызбайұлы
• Алматы облысынан - Тұрлашов Ләззат Махатұлы
• Атырау облысынан - Ищанов Қайрат Қыдырбайұлы
• Шығыс Қазақстан облысынан - Абайділдин Талғатбек Жәмшитұлы
• Жамбыл облысынан - Астаев Ертарғын Кәкімбекұлы
• Батыс Қазақстан облысынан- Ахметов Рашит Сайранұлы
• Қарағанды облысынан – Акылбай Серік Байсеитұлы
• Қостанай облысынан – Нұргалиев Жеңіс Мирасұлы
• Қызылорда облысынан – Мұхамедов Мұрат Бахтиярұлы
• Маңғыстау облысынан – Шелпеков Бақтыбай Ақбердіұлы
• Павлодар облысынан – Күзеков Асхат Сайпиұлы
• Солтүстік-Қазақстан облысынан – Ескендіров Самат Сапарбекұлы
• Оңтүстік Қазақстан облысынан– Айтаханов Куаныш Айтаханұлы сайланғанын анықтады.
Сайланған Сенат депутаттарының орташа жасы 56 жарым жасты құрайды.
Мамандықтары бойынша: 7 инженер; 3 экономист; 1 заңгер; 5 өзге мамандық иелері бар.
Қызметі бойынша: 7 – Парламент Сенатының қазіргі депутаттары; 6 – мемлекеттік органдар, ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері; 2 – коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері, 1– уақытша жұмыс істемейтін.
Парламент Сенатының сайланған 16 депутатының барлығы «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшелері.
Жалпы алғанда сайлау науқаны ұйымдастқан түрде, ашық әрі демократиялық жағдайда өтті. Барлық сайлау процесіне қатысушылар құқық ауқымында және еліміздің сайлау заңымен белгіленген рәсімдерге сәйкес әрекет етті.
Бұл фактіні аккредиттелген халықаралық байқаушылардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы саяси партияларының, қоғамдық бірлестіктері мен үкіметтік емес ұйымдары байқаушыларының берген бағасымен расталып отыр.
Өткен сайлауда шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары сайлау науқаны барысын байқауды еліміздің барлық өңірлерінде жүргізді.
Тікелей дауыс беру барысын 372 халықаралық және отандық байқаушылар, Қазақстан Республикасының саяси партиялары, қоғамдық бірлестіктері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері байқады (2008 жылы дауыс беру барысын байқауға 194 байқаушы мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан саны болатын).
ТМД байқаушылар Миссиясының сарапшылары Қазақстан Республикасындағы сайлау процесінің ұйымдастырылу деңгейіне жақсы баға беріп отыр.
Қазақстандық байқаушылар да өткен сайлауды оң бағалауда.
Олардың пікірінше, сайлау науқаны бәсекелестік пен өркениетті күрес жағдайында, сайлау заңы нормаларына сәйкес өтті және жалпы алғанда халықаралық демократиялық өлшемдер қоятын талаптарға жауап береді.
Бүкіл сайлау науқаны бойы Орталық сайлау комиссиясының атына 2 өтініш келіп түсті. Оларда айтылған фактілер дәлелін таппады.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
