| 02.02.2016 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2016 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының партиялық тізімі ұсынылды
2016 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына 19 адам енгізілген «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының партиялық тізімі тіркеуге ұсынылды.
Сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес партиялық тізімді саяси партияның өкілі «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының партиялық тізімді ұсыну туралы кезектен тыс XII съезінің хаттамасынан үзінді көшірмемен бір мезгілде тапсырды.
Өкілдің өкілеттіктері тиісті құжаттармен расталған.
Партиялық тізімді тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына мынадай құжаттар ұсынылды:
1) саяси партияның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаттың көшірмесімен қоса «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының партиялық тізімді ұсыну туралы кезектен тыс XII съезінің хаттамасынан үзінді көшірме;
2) партиялық тізімге енгізілген азаматтардың тізімге енгізуге келісімі туралы өтініштері;
3) партиялық тізімге енгізілген әрбір адамның өмірбаяндық деректері;
4) салық органының партиялық тізімге енгізілген кандидаттардың және олардың жұбайларының табысы мен мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы анықтамалары;
5) саяси партияның сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат;
6) партиялық тізімге енгізілген адамдардың «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясында мүшелігін растайтын құжаттар.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-28-44, 75-23-69
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
