| 27.01.2016 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2016 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі іс-шаралардың жоспарын іске асыру барысы туралы жұмыс кеңесі болды
27 қаңтарда Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясының Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі іс-шаралардың жоспарын іске асыру барысы туралы жұмыс кеңесі болды.
Кеңесте ҚР ОСК мен аумақтық сайлау комиссияларының сайлау науқанын ұйымдастыру жөніндегі ағымдағы қызметі қаралды.
Ортсайлауком мүшелері жетекшілік ететін мәселелері мен бағыттары бойынша атқарған жұмыстары туралы айтып берді.
Атап айтқанда, сайлау науқаны басталған кезеңнен бері ҚР ОСК мәслихаттар депутаттарын сайлауды тағайындау, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауы жөніндегі күнтізбелік жоспарларды бекіту, сайлау құжаттарының нысандарын бекіту туралы, сондай-ақ шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар мен шетелдік БАҚ өкілдері қызметтерінің кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдағаны атап өтілді.
2016 жылғы 21 қаңтарда ҚР СІМ-нің дипломатиялық арналары арқылы 18 шет мемлекеттің орталық сайлау органдарының бірінші басшыларына Ортсайлауком Төрағасының шақыруы жіберілді.
22 қаңтарда ҚР ОСК сайлау процесіне барлық қатысушыларға сайлаушылар тізіміне азаматтарды енгізу үшін негіздерді, есептен шығару куәлігін беру тәртібін, сондай-ақ «үйде» дауыс беруді ұйымдастыру рәсімін түсіндіретін үндеу қабылдады.
Кеңес барысында сондай-ақ 25 қаңтарда болған аумақтық сайлау комиссияларының өкілдерімен болған семинар-кеңестен, қызметтің негізгі және шұғыл міндеттері мен бағыттары анықталғаннан кейін ұйымдастыру жұмысының акценті тікелей өңірлерге ауысады.
Қазіргі уақытта барлық өңірлерде сайлау учаскелерінің шекаралары мен учаскелік сайлау комиссияларының құрамы туралы хабарларды жариялау аяқталды.
Аумақтық сайлау комиссияларының құрамдары, сондай-ақ көп бөлігі жарияланды. Бұл жұмыс 30 қаңтарға дейін жалғасады.
Округтік сайлау комиссияларының құрамдары мен орналасқан жерлері, шекаралары көрсетілген сайлау округтерінің тізімдері бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ 30 қаңтардан кешіктірмей жарияланады.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
