| 24.11.2011 |
|
2011 жылғы 24 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тағайындау туралы» Жарлығының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы:
Икрам Адырбековты;
Мұхтар Қапашұлы Алтынбаевты;
Берік Мәжитұлы Имашевты;
Қайрат Абдразақұлы Мәмиді;
Бауыржан Әлімұлы Мухамеджановты;
Ерлан Зайроллаұлы Нығматулинді;
Людмила Григорьевна Полторабатьконы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары ретінде тіркеді.
Ортсайлауком Төрағасы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының тіркелген депутаттарына тиісті куәліктер пен омырауға тағатын белгілерді тапсырды.
Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясының отырысында Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының нормативтері бекітілді.
Ортсайлауком қабылдаған қаулы бойынша заңға сәйкес облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттардың депутаттығына кандидат ретінде тірекелген әрбір үміткерге үгіт шаралары мен көлік шығыстарына бюджеттен 349 мың теңге, ал қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар үшін – 179 мың теңге бөлінетін болады.
Мұның сыртында әрбір тіркелген мәслихат депутаттығына кандидат сайлауалды үгіт жүргізу үшін өзінің сайлау қорын құра алады.
Осы күні Ортсайлауком алдағы сайлауда қолданылатын сайлаушылар тізімінің нысаны мен учаскелік сайлау комиссиясының сайлау учаскесінің ашылуы туралы хаттамасының нысанын бекітті.
Сондай-ақ, комиссия Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау бюллетеньдерін «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнында әзірленеді деп шешім қабылдады.
Мәслихат депутаттарын сайлау бойынша сайлау бюллетеньдерін төрт өңірлік ұйым басып шығаратын болады.
Барлық бюллетеньдер қажетті қорғалу деңгейімен қамтамасыз етілетін болады.
Отырыстан соң өткен брифингте Қ.Тұрғанқұлов масс-медиа өкілдерін сайлау науқанының барысымен таныстырды.
Қазіргі уақытта мәслихаттар депутаттығына 10 кандидат ұсынылған. Олардың біреуін Қызылорда облыстық мәслихаты депутатттығына кандидат ретінде қоғамдық бірлестік ұсынған. Тағы 9 үміткер өз кандидатураларын Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатына сайлауда ұсынған.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
