| 28.11.2011 |
|
2011 жылғы 28 қарашада Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының және халықаралық ұйымдардың өкілдері үшін Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауына арналған брифингі болып өтті
ҚР СІМ-нің жауапты хатшысы Р.С. Жошыбаев, алыс және жақын шетел мемлекеттерінің дипломатиялық миссияларының басшылары мен өкілдері, сондай-ақ Қазақстанда аккредиттелген халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысқан кездесу барысында Қ.Тұрғанқұлов алдағы сайлауды әзірлеу бойынша республикада жүргізіліп отырған жұмыс туралы айтып берді.
«Жалпы алған қазіргі уақытта Ортсайлауком барлық қажетті кадрлық және материалдық ресурстарға ие және сайлауды тиісті ұйымдастырушылық деңгейде өткізуге, азаматтардың және барлық сайлау процесіне қатысушылардың өздерінің конституциялық құқығын ерікті әрі тиімді іске асыруын қамтамасыз етуге дайын» - деп атап өтті Ортсайлауком Басшысы.
Қазақстан Республикасы сайлау заңнамасының даму деңгейі туралы айта келе, Қ.Тұрғанқұлов «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң алғаш қабылданған уақыттан бері, заңнаманы жетілдіру және халықаралық сайлау құқығы нормаларына сәйкестендіру мақсатында, оған он екі рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Қазақстандық сайлау заңнамасын дамыту үдерісіне ЕҚЫҰ/ДИАҚБ, ТМД, ШЫҰ және т.б. миссиялар құрамында сайлауларды байқауға қатысқан халықаралық сарапшылар мен байқаушылардың ұсынымдары үлкен көмек көрсетті.
Біз байқаушылардың ұсынымдары сайлау тәжірибесінде көрініс табуы үшін белсенді жұмыс істеудеміз»,- деп баса айтты.
Сөз соңында Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығын мерекелеу қарсаңында және мереке күндері өтіп жатқан сайлау науқаны тек біріктіруші сипатта болады деген сенімділігін білдірді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
