| 28.11.2011 |
|
2011 жылғы 28 қарашада Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында сайлауды халықаралық байқау жөніндегі семинар-тренинг болып өтті.
Семинар жұмысына Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының, Еуропалық Одақ делегациясының, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдары, министрліктері мен ведомстволарының өкілдері қатысты.
Семинарды кіріспе сөзбен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б.С.Мелдешов пен Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының саяси сұрақтар бойынша кеңесшісі Эндрю Оффенбахер мырза ашты.
Семинар-тренинг ауқымында оған қатысушылар сайлауды халықаралық байқаудың халықаралық-құқықтық және ұлттық-құқықтық негіздерін, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның сайлауды байқау бойынша ұйғарымдарын, заңсыз сайлау технологияларын анықтаудың әдістері мен құралдарын талқылады, халықаралық ұйымдар Миссиялары құрамында сайлауды халықаралық байқаудың ерекшеліктерін қарастырды, Қазақстанның өкілдерінің 2011 жылы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының құрамында сайлауларды байқауға қатысу тәжірибесімен бөлісті.
Тренингке қатысушылар ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның сайлауларды байқау жөніндегі Миссиясының құрамына кіретін байқаушылардың кәсіби деңгейін жоғарылатуға, ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердегі сайлауларды байқауға Қазақстан өкілдерінің қатысуын белсендіруге айрықша назар аударды.
Семинар-тренинг соңында 2012 жылы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының құрамында Қазақстан Республикасы атынан байқаушылардың қатысуын қамтамасыз ету тәжірибесін одан әрі жетілдіру сұрағы бойынша пікір алмасылды.
Қазақстандық байқаушылардың кәсіби деңгейін жоғарылату бойынша жұмыстың маңыздылы мен қажеттілігін ескере отырып, біздің еліміздің өкілдерінің ЕҚЫҰ кеңістігінде сайлауларды байқауды іске асыру үдерісіне қатысуы Қазақстан Республикасының халықаралық беделін нығайту және демократиялық сайлау процесін дамыту ісіне қосқан айтарлықтай үлесі болуы үшін, Ортсайлауком оларға арналған семинар-тренингтер мен консультациялар өткізу тәжірибесін бұдан былай да жалғастыруды және дамытуды көздеп отыр.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
