| 02.12.2011 |
|
2011 жылғы 2 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болып өтті.
Ортсайлауком 1999 жылы қабылданған «Сайлау учаскелеріндегі, пункттердегі дауыс беруге арналған үйлерді жабдықтау туралы» қаулыға үй-жайларды дауыс беру күніне дайындау тәртібін неғұрлым анық реттеу мақсатында толықтырулар мен өзгерістер енгізді.
Енгізілген түзетулер дауыс беру және дауыстарды санау процесін неғұрлым айқынырақ етуді, сайлаушылар, байқаушылар, сайлау комиссияларының мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуді көздейді.
Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясы Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Орталық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссиялары құрамына партиялардың кеңесші дауыс құқығы бар өкілдерін жіберуі үшін белгілеген мерзімдеріне қатысты өтінішін қарады.
Нәтижесінде Ортсайлауком хаттамалық шешім қабылдады. Бұл шешімге сәйкес учаскелік сайлау комиссиялары құрамына партиялардың кеңесші дауыс құқығы бар өкілдерін жіберуі мерзімі 2012 жылғы 15 желтоқсанға дейін ұзартылады.
Сондай-ақ, Ортсайлауком аумақтық сайлау комиссияларына саяси партиялардың кеңесші дауыс құқығы бар өкілдерінің сайлау туралы заң талаптарына сәйкестігін тексеруді жедел, 5 күн ішінде өткізуді ұсынды.
Саяси партияның учаскелік сайлау комиссиясына кеңесші дауыс құқығымен жолданған өкілі сайлау комиссиясы мен оның төрағасының сайлау заңнамасына сәйкес жүктеген міндеттерін, шешімдері мен нұсқауларын орындауға міндетті.
Сондай-ақ саяси партияның кеңесші дауыс құқығы бар өкілдеріне, сайлау комиссиясы шешімдерін қабылдау кезінде дауыс беруді, хаттамаларға және басқа да сайлау құжаттарына, шешімдерге қол қоюды, сайлау бюллетендерін беруді қоспағанда, сайлау туралы заңның сайлау комиссиялары мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін реттейтін баптары да қатысты.
Отырыстан кейін өткен брифингте Қ.Тұрғанқұлов сайлау науқанының барысы туралы хабардар етіп өтті.
30 қарашада Орталық сайлау комиссиясына «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының партиялық тізімі ұсынылды.
Қазіргі уақытта тізімге енгізілген кандидаттарды, олардың Конституция мен сайлау туралы Конституциялық заң талаптарына сәйкестігіне тексеру рәсімі жүріп жатыр.
Басқа саяси партиялар Орталық сайлау комиссиясына өз тізімдерін әлі ұсынған жоқ.
Ортсайлауком бекіткен Күнтізбелік жоспарға сәйкес, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында кандидаттар ұсыну 5 желтоқсанда аяқталады.
Мәслихаттар депутаттарының сайлауында қазіргі сәтте 489 кандидат ұсынылған. Олардың 63-і - облыстық мәслихаттарға, 371-і – аудандық мәслихаттарға және 55-і – қалалық мәслихаттарға.
Мәслихаттарға кандидаттар ұсыну Қостанай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Ақмола облыстарында белсенді жүріп жатыр.
Сайлау комиссиялары мүшелерін оқыту жөніндегі жұмыс жалғасуда. Учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерін мейілінше қамту мақсатында аудан деңгейінде бірлескен семинарлар еліміздің барлық өңірлерінде өткізіліп жатыр.
2011 жылғы 16 қараша мен 1 желтоқсаны арасындағы кезеңде Орталық сайлау комиссиясына 12 өтініш түсті. Олардың 8–і саяси партиялардан, 1-і мәслихаттан, тағы 3-і бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдардан.
Келіп түскен 11 өтініш заңының кейбір баптарын түсіндіруге қатысты, олар бойынша қажетті түсініктемелер уақтылы жолданды.
Тағы ір хат - Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан, ол Ортсайлаукомның отырысында қаралды.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
