| 09.12.2011 |
|
2011 жылғы 9 желтоқсанда Орталық сайлау комиссиясы Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына 54 кандидат енгізілген партиялық тізімін тіркеді.
ЖСДП-ның тіркелген партиялық тізіміндегі кандидаттардың құрамында 5 ұлттың өкілдері бар.
Әйелдер – 24 %.
Партиялық тізімге енгізілген кандидаттардың 40%-і – жасы 55-ке дейінгі азаматтар. Ең жас үміткер 25 жаста.
Кандидаттардың 96%-нің жоғары білімі бар. Олардың үштен біріне жуығы – заңгерлік не экономистік. 25%-тен астамы түрлі халық шаруашылығы салаларының мамандары.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан ұсынылған үміткерлердің жартысынан көбі партиялық құрылымдардың немесе басқа да қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері болып табылады.
18%-і – коммерциялық ұйымдарда, 7,5%-і – ғылым, мәдениет және білім салаларында жұмыс істейді.
2011 жылғы 9 желтоқсан күнгі жағдай бойынша мәслихаттар депутаттарының сайлауында барлығы 4500 үміткер ұсынылғын.
Олардың ішінде облыстық, Астана мен Алматы қалалық мәслихаттарға – 407; аудандық мәслихаттарға – 3392; қалалық мәслихаттарға – 701 кандидат бар.
Қазіргі сәтке дейін мәслихаттар депутаттығына 63 кандидат тіркелген.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
