| 13.12.2011 |
|
2011 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы «Әділет» Демократиялық партиясының және Қазақстанның Патриоттары партиясының партиялық тізімдерін тіркеді.
Жекелеген кандидаттар бойынша Конституция мен сайлау туралы Конституциялық заң талаптарына сәйкестігін анықтау жөнінде қосымша тексеріс өткізудің қажеттілігіне байланысты «Руханият» партиясының және Қазақстанның Коммунистік Халық партиясының партиялық тізімдерін тіркеу туралы сұрақ күн тәртібінен алынып тасталды.
2011 жылғы 13 желтоқсандағы жағдай бойынша мәслихаттар депутаттарының сайлауында 7883 кандидат ұсынылған.
Олардың ішінде облыстық, Астана мен Алматы қалалық мәслихаттарға – 1230; аудандық мәслихаттарға – 5134; қалалық мәслихаттарға –1519 кандидат бар.
Мәслихаттар депутаттығына 3775 кандидат тіркелген.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
