| 15.12.2011 |
|
14 Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында саяси партиялардың атауларын сайлау бюллетеніне енгізу туралы жеребе тарту өтті.
Ортсайлаукомның 1999 жылғы 13 шілдедегі қаулысымен бекітілген Ережелерге сәйкес, жеребе тарту Орталық сайлау комиссиясының отырысында жүргізілді.
Жеребе тарту кезінде партиялық тізімдерін ұсынған барлық саяси партиялардың өкілдері болды.
Рәсім келесі тәртіппен өткізілді. Түсі мен мөлшері біркелкі конверттерге Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ортсайлауком партиялық тізімдерін тіркеген партиялардың санына сәйкес реттік сандары бар парақтарды салды. Бұл ретте бір конвертке нөмірі бар бір ғана парақ салынды.
Конверттер желімделіп, араластырылды және барлық қатысушалырдың көз алдындағы столға жайылып тасталды.
Одан соң әрбір саяси партияның өкілі кезек-кезек столдан кез келген конвертті таңдап, ашып, ішіндегі парақты алып, ондағы нөмірді жариялады.
Конверттегі нөмір саяси партияның сайлау бюллетеніне енгізілетін реттік нөмірі болып табылады.
Жеребе тарту нәтижелері бойынша 2012 жылғы 15 қаңтарда дауыс беру кезінде саяси партиялардың атаулары сайлау бюллетенінде келесі тәртіпте орналасатын болады:
1. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы.
2. Қазақстанның Патриоттары партиясы.
3. «Руханият» партиясы.
4. Қазақстанның «АК ЖОЛ» Демократиялық партиясы.
5. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия.
6. Қазақстанның Коммунистік Халық партиясы.
7. Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясы.
8. «Әділет» Демократиялық партиясы.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
