| 23.12.2011 |
|
2011 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 38 байқаушысын аккредиттеді.
Олардың 34-і – ТМД-дан байқаушылар Миссиясының құрамында. Тағы 4-і – шет мемлекеттердің байқаушылары.
Жалпы алғанда қазіргі сәтке Орталық сайлау комиссиясы 99 халықаралық байқаушыны аккредиттеді.
Олардың 46-сы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының құрамына, 45-і – ТМД-дан байқаушылар Миссиясының құрамына кіреді, ал 8-і – бес шет мемлекеттің байқаушысы болып табылады.
Сондай-ақ, Ортсайлауком отырысында «2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауында Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының нормативтерін белгілеу туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы қаулыға өзгерістер енгізілді.
2011 жылғы 16 қараша мен 23 желтоқсан аралығындағы кезеңде Ортсайлаукомға 62 өтініш келіп түсті. Олардың ішінде сайлау науқанының әртүрлі мәселелері бойынша 45, сайлау комиссияларының, сайлау үдерісіне қатысушылардың және бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне қатысты 17 өтініш бар.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
