| 27.12.2011 |
|
2011 жылғы 27 желтоқсанда Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының нормативтерін белгіледі.
Ортсайлаукомның қаулысына сәйкес, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына тіркелген әрбір кандидатқа республикалық бюджет қаражатынан сайлауалды үгіт шараларын өткізуге және көліктік шығыстарға 477 мың теңгеден бөлінетін болады.
Оның сыртында, Орталық сайлау комиссиясының отырысында, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес басқа жұмысқа ауысуына байланысты «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Б.Ә.Мұхаметжановтың өкілеттігін тоқтату туралы» қаулы қабылданды.
Сондай-ақ, 27 желтоқсанда Ортсайлауком 4 халықаралық ұйым мен 15 шет мемлекеттен тағы 145 халықаралық байқаушыны аккредиттеді.
Осылайша, қазіргі сәтте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша 244 халықаралық байқаушы аккредиттелген.
Олардың 74-і – ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының, 102-і – ТМД-дан байқаушылар Миссиясының, 9-ы – ШЫҰ-нан байқаушылар Миссиясының, 9-ы – Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы Кеңесінің, 50-і – 19 шет мемлекеттің өкілдері.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
