| 21.12.2011 |
|
2011 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Оорталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы жөніндегі саяси партиялар үшін дауыс беруге арналған сайлау бюллетенінің мәтінін бекітті.
Ортсайлауком Қазақстан Республикасындағы сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызы резервін қоса дайындалуға және сайлау учаскелеріне жеткізілуге тиіс сайлау бюллетеньдерінің санын белгіледі.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы жөнінде – 9398154, ал Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы жөнінде - 17423313 сайлау бюллетені дайындалатын болады.
Сондай-ақ, 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Оорталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттары мен мәслихаттары депутаттарының сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымның тағы 14 байқаушысын аккредиттеді.
Қазіргі сәтке дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша барлығы 61 байқаушы аккредиттелді
Олардың 46-сы – ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының, 11-і – ТМД-дан байқаушылар Миссиясының өкілдері, 4-і – шет мемлекеттердің байқаушылары.
Оның сыртында, Ортсайлауком Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның сайлау комиссиялары құрамында кеңесші дауыс құқығы бар мүшесі болып табылатын саяси партиялардың өкілдеріне сайлау комиссияларының басқа мүшелерімен тең еңбекақы төлеу туралы үндеуін қарады.
Оның нәтижесінде аумақтық сайлау комиссияларына қызметкерлері сайлау комиссиялары құрамында саяси партиялардың кеңесші дауыс құқығы бар өкілдері болып табылатын ұйымдарға сайлау науқанын әзірлеу мен өткізу кезеңіне олардың орташа айлық жалақыларын сақтау туралы хат жолдауды ұсыну туралы шешім қабылданды.
Отырыстан соң болып өткен брифинг барысында Ортсайлауком Басшысы БАҚ өкілдерін Жаңаөзен қаласының аумағында Парламент Мәжілісі депутаттары мен мәслихаттар депутаттарын сайлау бұрын белгіленген мерзімде, 2012 жылғы 15 қаңтарда өтетіні туралы хабардар етті, өйткені бұл аумақтық-әкімшілік бірлікте төтенше жағдай енгізу туралы Президенттің Жарлығында сайлауды өткізуге тыйым салынбаған.
Осыған байланысты Ортсайлауком, Жарлықпен белгіленген шектеулерді ескере отырып, кандидаттар мен сайлаушылардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.
«Бұл адам құқығы саласындағы Қазақстан Ресубликасы қол қойған халықаралық құжаттарға қайшы келмейді. Өйткені енгізілген шектеулер адамның Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пакт бекіткен «абсолюттік» құқықтары мен бостандықтарын шектемейді. Тек сайлауалды үгіт жүргізу тәсілдерінің аясын белгілі бір дәрежеде тарылтады. Және бұл ретте барлық саяси партиялар мен мәслихат депутаттығына кандидаттар тең, дегенмен үгіт жұмысын жүргізудің нысандары мен әдістерін таңдауда белгілі бір дәрежеде шектеулі жағдайда болады»,- деді Қ.Тұрғанқұлов.
Атап айтқанда, қала аумағында негізінен сайлауалды үгітті бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу арқылы жүргізу шектеледі.
Алайда, бұқаралық ақпарат құралдарында үгіт науқаны толық көлемде өткізілетін болады. Осыған байланысты Ортсайлауком мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер өткізуіне бюджеттен бөлінген қаражатты бұқаралық ақпарат құралдарында қосымша үгіт материалдарын жариялау және баспа өнімдерін шығару үшін пайдалануына рұқсат береді.
Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауға қатысатын саяси партиялардың үгіт материалдары Жаңаөзен қаласы тұрғындарына республикалық және жергілікті теле-радио арналар мен баспа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жететін болады.
Жаңаөзен қаласында республикалық Евразия, Еларна, Қазақстан, Хабар, облыстық «Ақтау Қазақстан» телеарналары мен Қазақ радиосы, сондай-ақ кабельді теледидар жұмыс істеп тұр.
Қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар баспа өнімдерін әзірлеу үшін облыстық типографияның қызметін пайдалана алады.
Қалалық сайлау комиссиясы штаттық режимде жұмыс істеуде. Комиссияның қарамағында барлық қажетті әдістемелік материалдар мен құжаттар бар.
Сайлау науқаны барысын байқауды ұйымдастыруға келетін болсақ, байқаушылар мен сарапшыларға, соның ішінде шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдеріне, бұл өңірге бару мүмкіндігі қамтамасыз етілетін болады. Сондай-ақ, олар сайлау барысы, сайлау органдарының жұмысы, барлық сайлау процесіне қатысушылардың қызметі туралы ақпаратпен де қатамасыз етіледі.
Сондай-ақ Отсайлауком Басшысы сайлау туралы заңға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары кандидаттар мен саяси партиялардың сайлау науқанын объекивті жариялауға міндетті екенін ескертті. Бұл ретте, кандидаттар мен саяси партиялардың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін үгіт материалдары мен өзге де ақпараты жариялаудан аулақ болу керек.
Барлық кандидаттар мен партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлауалды үгіт жүргізуі үшін бұқаралық ақпарат құралдарына тең жағдайда қол жеткізуі кепілдендірілуі тиіс.
Брифинг соңында Қ.Тұрғанқұлов 20 желтоқсанда аяқталған мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеудің алдын ала қорытындылары туралы айтып өтті.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ұсынылған 10 мыңнан астам үміткердің 9165-і мәслихаттар депутаттығына кандидат ретінде тіркелген.
Соның ішінде облыстық, Астана мен Алматы қалалық мәслихаттарға – 1752; аудандық мәслихаттарға – 5523; қалалық мәслихаттарға – 1890 кандидат.
Тіркелген кандидаттардың 3446-ы – Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының, 264-і – Қазақстанның «Ак жол» Демократиялық партиясының, 99-і – Қазақстанның Коммунистік Халық партиясының, 50-ы – Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясының, 57-і – «Әділет» Демократиялық партиясының, 22-і «Руханият» партиясының, 11-і - Қазақстанның Патриоттары партиясының, 9-і –Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның, 3-і – Қазақстанның «Азат» Демократиялық партиясының, 1-і – Қазақстанның Коммунистік партиясының мүшелері.
Барлық тіркелген кандидаттар бүгіннен бастап сайлауалды үгіт жұмысына кірісе алады.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
