| 30.12.2011 |
|
2011 жылғы 3О желтоқсанда Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттығына 9 кандидаты тіркеді.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес, 2011 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталады.
Сайлау туралы заңға сәйкес, Ассамблея Кеңесі 9 кандидат ұсынған болатын. Орталық сайлау комиссиясы олардың барлығын тіркеді.
Үміткерлердің ішінде 2 әйел бар. Кандидаттардың орташа жасы – 59 жас. Олардың барлығының жоғары білімі бар. Алтауы ғылым, мәдениет және білім салаларының қызметкерлері. Тағы үш үміткер – төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары.
Тіркелген кандидаттар сайлауалды үгіт жұмысына 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап кірісе алады.
Сондай-ақ 30 желтоқсанда Ортсайлауком «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерінің мәтіндеріне өзгерістер енгізу рәсімі туралы» қаулы қабылдады.
Осы күні Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша Орталық сайлау комиссиясы тағы 82 халықаралық байқаушыны аккредиттеді.
Олардың 27-і – ЕҚЫҰ/ДИАҚБ байқаушылар Миссиясының, 31-і – ТМД-дан байқаушылар Миссиясының өкілдері, 4 байқаушы Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының байқаушылары. Тағы 20-сы – шет мемлекеттерден келген байқаушылар.
Осылайша, қазіргі сәтте Орталық сайлау комиссиясы 326 халықаралық байқаушыны аккредиттеді.
Олардың 101-і – ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның Қазақстан Республикасындағы кезектен тыс парламенттік сайлауды байқау жөніндегі байқаушылар Миссиясының құрамына, 133-і – ТМД-дан байқаушылар Миссиясының құрамына, 9-ы – Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының байқаушылар Миссиясының құрамына кіреді, 9-ы Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы Кеңесінен, 4-і – байқаушы Ислам Ынтымақтастығы Ұйымынан өкілдік етеді, тағы 70-і – 24 шет мемлекеттен келген байқаушылар.
Оның сыртында, өзінің отырысында Ортсайлауком бұрын шығып қалғандардың орнына Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының бір мүшесі мен Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының бір мүшесін, сондай-ақ Астана қалалық сайлау комиссиясының мүшесін тағайындады.
Отырыстан кейін өткен брифингте Ортсайлауком Басшысы масс-медиа өкілдерін сайлау науқанының барысы туралы хабардар етті.
Атап айтқанда, ол саяси партиялардың сайлау комиссияларының құрамына кеңесші дауыс құқығы бар өкілдерін жолдау құқын белсенді пайдаланып отырғанын айтты.
Қазіргі сәтте сайлау комиссияларының құрамында мұндай 1830 өкіл жұмыс істеуде. Олардың ішінде 1453 кандидатураны Қазақстанның Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы ұсынған.
Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясынан сайлау комиссияларының құрамына кеңесші дауыс құқығымен 224 өкіл жіберілген.
Сондай-ақ, сайлаукомдар құрамына Қазақстанның Коммунистік Халық партиясының 94, «Әділет» Демократиялық партиясы 59 өкілі жолданған.
«Осылайша, барлық саяси партияларға сайлауды әзірлеу мен өткізу кезеңінде сайлау органдары жұмысына тиімді қатысу мүмкіндігі берілген»,- деп атап өтті Қуандық Тұрғанқұлов.
Жаңаөзен қаласындағы жағдайға келетін болсақ, дауыс беру күніне дайындық қалыпты жүріп жатыр. Барлық сайлау комиссиялары жұмыс істеуде. Сайлаушылар тізімдерін жергілікті атқарушы органдар сайлау комиссияларына тапсырды.
Еліміз бойынша барлық сайлаушылар сияқты, бұл қаланың сайлаушылары да 2011 жылғы 30 желтоқсаннан бастап сайлау учаскелерінің үй-жайларында сайлаушылар тізімімен таныса алады.
«Мен барлық сайлаушыларды осы мүмкіндікті пайдалануға, сөйтіп өзінің сайлаушылар тізіміне енгізілуіне алдын-ала көңіл бөлуге шақырамын»,- деді Ортсайлауком Басшысы.
Оның сыртында, сайлаушы өзінің қай сайлау учаскесінде тіркелгенін біздің электрондық ресурсымызда көрсетілген электрондық проштаның izbiratel_2012@election.kz мекен-жайына немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы арнайы іздестіру нысанына сұраныс жолдау арқылы тексере алады.
2011 жылғы 16 қараша мен 19 желтоқсан аралығындағы кезеңде Ортсайлаукомға жеке және заңды тұлғалардан 85 өтініш келіп түскен. Олардың ішінде 64 өтініш сайлаунауқанының әртүрлі аспектілері бойынша, тағы 21-і – сайлау органдарының, сайлау үдерісіне қатысушылардың және бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне байланысты.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
