| 30.12.2011 |
|
Ақпараттық дауларды қарау жөніндегі Қоғамдық Кеңестің отырысына ЕҚЫҰ/ДИАҚБ мен ТМД-дан байқаушылар Миссияларының, «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия» РҚБ-нің өкілдері, сондай-ақ ЖСДП мен «Әділет» Демократиялық партиясынан байқаушылар қатысты.
Кеңес мүшелері Орталық сайлау комиссиясы Байланыс және ақпарат министрлігімен бірлесіп өткізетін БАҚ мониторингінің аралық қорытындыларын талқылады. Олар туралы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат вице-министрі Л.М.Танысбай баяндады.
Мониторинг 53 баспа басылымдарын, 13 республикалық телеарналар мен 5 радиоарналарды қамтиды.
Мониторинг мәліметтеріне сәйкес, 2011 жылғы желтоқсанның 16 мен 28-і аралығындағы кезеңде баспа бұқаралық ақпарат құралдарында ЖСДП туралы 40 материал (оның ішінде 16 материал мемлекеттік және 24 материал мемлекеттік емес БАҚ-тарда), «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ы туралы 37 материал (оның ішінде 16 материал мемлекеттік және 21 материал мемлекеттік емес БАҚ-тарда), «Әділет» ДП-ы 34 материал (оның ішінде 16 материал мемлекеттік және 18 материал мемлекеттік емес БАҚ-тарда), «Ауыл» ҚСДП-ы туралы 30 материал (оның ішінде 15 материал мемлекеттік және 15 материал мемлекеттік емес БАҚ-тарда), ҚКХП-ы туралы 36 материал (оның ішінде 14 материал мемлекеттік және 22 материал мемлекеттік емес БАҚ-тарда), «Нұр Отан» ХДП-ы туралы 47 материал (оның ішінде 15 материал мемлекеттік және 32 материал мемлекеттік емес БАҚ-тарда), ҚПП-ы туралы 27 материал (оның ішінде 14 материал мемлекеттік және 13 материал мемлекеттік емес БАҚ-тарда) және «Руханият» Партиясы туралы 39 материал (оның ішінде 15 материал мемлекеттік және 24 материал мемлекеттік емес БАҚ-тарда) шыққан.
Телевизиялық арналарда аталған кезеңде эфирге ЖСДП туралы 81 материал (оның ішінде 43 материал мемлекеттік және 38 материал мемлекеттік емес телеарналарда), «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ы туралы 96 материал (оның ішінде 51 материал мемлекеттік және 45 материал мемлекеттік емес телеарналарда), «Әділет» ДП-ы туралы 89 (оның ішінде 50 материал мемлекеттік және 39 материал мемлекеттік емес телеарналарда), «Ауыл» ҚСДП-ы туралы 66 материал (оның ішінде 46 материал мемлекеттік және 20 материал мемлекеттік емес телеарналарда), ҚКХП-ы туралы 98 материал (оның ішінде 48 материал мемлекеттік және 50 материал мемлекеттік емес телеарналарда), «Нұр Отан» ХДП-ы туралы 98 материал (оның ішінде 40 материал мемлекеттік және 58 материал мемлекеттік емес телеарналарда), ҚПП-ы туралы 72 материал (оның ішінде 46 материал мемлекеттік және 26 материал мемлекеттік емес телеарналарда) және «Руханият» Партиясы туралы 93 материал (оның ішінде 50 материал мемлекеттік және 43 материал мемлекеттік емес телеарналарда) шыққан.
Радиода эфирге ЖСДП туралы 12 материал (9 – мемлекеттік, 3 – мемлекеттік емес арналарда), «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ы туралы 11 материал (10 – мемлекеттік, 1 – мемлекеттік емес арналарда), «Әділет» ДП-ы туралы 9 материал (8 – мемлекеттік, 1 – мемлекеттік емес арналарда), «Ауыл» ҚСДП-ы туралы 11 материал (10 – мемлекеттік, 1 – мемлекеттік емес арналарда), ҚКХП-ы туралы 10 материал (9 – мемлекеттік, 1 – мемлекеттік емес арналарда), «Нұр Отан» ХДП-ы туралы 18 материал (17 – мемлекеттік, 1 – мемлекеттік емес арналарда), ҚПП-ы туралы 10 материал (9 – мемлекеттік, 1 – мемлекеттік емес арналарда) және «Руханият» Партиясы туралы 11 материал (8 – мемлекеттік, 3 – мемлекеттік емес арналарда) шыққан.
Аумағы бойынша мемлекеттік БАҚ-тарда шыққан материалдардың 14% - «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның, 14% - «Әділет» ДП-ның, 14% - «Нұр Отан» ХДП-ның, 13% - «Ауыл» ҚСДП-ның, 12% - ЖСДП-ның үлесінде, ал ҚКХП, ҚПП мен «Руханият» Партиясының әрқайсына 11%-дан келеді.
Мемлекеттік телеарналардағы бейнесюжеттердің ұзақтығы бойынша: Руханият» Партиясы туралы - 20%, «Нұр Отан» ХДП-ы туралы - 13%, «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ы, «Әділет» ДП-ы және ҚПП-ы туралы – 12%-дан, ҚКХП мен «Ауыл» ҚСДП-ы туралы - 11%-дан, ЖСДП туралы – 9%.
Мемлекеттік радиоарналардағы аудиосюжеттердің ұзақтығы бойынша: «Нұр Отан» ХДП-ы туралы - 21%, ҚКХП мен «Ауыл» ҚСДП-ы туралы -14%-дан, «АҚ ЖОЛ» ҚДП –ы туралы - 13%, ҚПП туралы – 12%, ЖСДП туралы – 11%, «Әділет» ДП-ы туралы - 9% және «Руханият» Партиясы туралы - 6%.
«Осылайша, сайлауға қатысып отырған саяси партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарына тең қол жеткізуі жалпы алғанда орындалып отыр деген тұжырым жасауға болады. Баспа және электрондық БАҚ-тарда олардың қызметі негізінен тең жағдайда және шамамен алғанда бірдей мөлшерде жарияланып келеді. Оның үстіне, қазіргі сәтте мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары барлық саяси партиялардың қызметін белсенді жария етіп келсе, мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары билік партиясына көбірек көңіл бөліп отыр», - деп баса айтты сөзін тұжырымдай келе Ләззәт Танысбай.
Қоғамдық Кеңестің мүшелері бұл пікірмен келісті, сондай-ақ Ортсайлаукомға БАҚ-тардың үгіт науқанын жариялау бойынша жұмысында орын алып отырған кемшіліктерге қатысты бірқатар ұсынымдар берді.
Атап айтқанда, кейбір баспа бұқаралық ақпарат құралдарының үгіт материалдарын қаржыландыру көздерін көрсетпей жариялауы сайлау заңнамасы белгілеген талаптардан ауытқу болып табылатыны нұсқалды.
Қоғамдық Кеңестің төрағасы, Еуропалық құқық сараптау институтының директоры, «Человек и закон» республикалық апта сайынғы заң газетінің бас редакторы Марат Бәшімов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мейілінше жиі қоятын БАҚ-тардың сайлауалды үгіт науқаны барысындағы қызметіне қатысты сұрақтар бойынша бірқатар түсініктемелер берді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
