| 09.01.2012 |
|
2012 жылғы 9 қаңтарда Орталық сайлау комиссиясы 2012 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауда партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың саяси пікірсайысын өткізу туралы қаулы қабылдады, және оның регламентін бекітті
Регламентке сәйкес, бесінші шақырылған Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауда партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлауалды бағдарламаларының сұрақтары бойынша саяси пікірсайысы олардың келісімі бойынша өткізіледі.
Пікірсайысты өткізу барысында Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздігіне нұқсан келтiруді, әлеуметтік, нәсілдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскерилендiрілген құралымдар құруды насихаттауға және үгіттеуге жол берілмейді
Саяси пікірсайысқа қатысушылар жеке басты қаралаудан, саяси партияның, оның мүшелерінің намысына, абыройы мен іскерлік беделіне көрінеу нұқсан келтіретін сөз айтудан, басқа саяси партиялардың өкілдерін кемсітуден аулақ болып, жалпыға бірдей қабылданған әдеп нормаларын сақтауға тиіс.
Саяси партияның өкілі қатыспаған жағдайда, осы партияға арналған эфир уақыты саяси пікірсайысқа басқа да қатысушылар арасында тең бөлінеді.
Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы «АҚ ЖОЛ» ДП-ның Қызылорда қаласында сайлаушылармен кездесу өткізуі кезінде партияның қызметіне заңсыз араласуына қатысты Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының төрағасы К.Қ.Қайруллаевқа ескерту жасау туралы хаттамалық шешім қабылдады.
ҚР ОСК мұндай әрекеттердің қайталануына жол беруге болмайтыны туралы және барлық сайлау процесіне қатысушылардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заң талаптарын бұлжытпай орындауы қажет екендігі туралы ескертті.
9 қаңтарда шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан халықаралық байқаушыларды тіркеу аяқталады.
Ортсайлауком 4 халықаралық ұйым мен 5 шет мемлекеттен 96 байқаушыны аккредиттеді.
Сонымен, 2012 жылғы 9 қаңтар күнгі 15 сағат 30 минуттағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша 789 халықаралық байқаушы аккредиттелді.
Олардың 308-і – ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының, 260-ы – ТМД-дан байқаушылар Миссиясының, 15-і – Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының, 11-і – Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының байқаушылар Миссиясының құрамына кіреді, 9-ы Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы Кеңесінен, 4-і – Ислам Ынтымақтастығы Ұйымынан, 10-ы – Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясынан өкілдік етеді, тағы 126-ы – 29 шет мемлекеттен келген байқаушылар.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
