| 10.01.2012 |
|
2012 жылғы 9 қаңтарда шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу аяқталды.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Ортсайлауком барлығы 819 халықаралық байқаушыны аккредиттеді.
Олардың 309-ы – ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының, 262-і – ТМД-дан байқаушылар Миссиясының, 46-ы – Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының, 11-і – Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының байқаушылар Миссиясының құрамына кіреді, 9-ы Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы Кеңесінен, 7-і – Ислам Ынтымақтастығы Ұйымынан, 10-ы – Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясынан өкілдік етеді, тағы 150-і – 29 шет мемлекеттен келген байқаушылар. Оның сыртында, Сыртқы істер министрлігі шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының 118 өкілін аккредиттеді.
Осылайша, алдағы сайлауды байқауды 937 шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары мен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері іске асыратын болады.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
