| 12.09.2012 |
|
2012 жылғы 11-12 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Владимир Фоос Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросының (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ) сарапшылары тобымен кездесті.
Кездесу барысында тараптар ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының Қазақстан Республикасында 2012 жылғы 15 қаңтарда өткен кезектен тыс парламенттік сайлауды байқау жөніндегі Қорытынды есебінің баптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ортсайлаукомының ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының Қорытынды есебіне Түсініктемелері мен ұсынымдарын талқылады.
В. Фоос қазақстандық тараптың ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының біздің еліміздегі сайлауды байқау қорытындылары бойынша барлық ұсынымдарын мұқият қарастырғанын, және біздің қоғам үшін жарамды нормаларын ұлттық сайлау заңнамасын жетілдіру жөніндегі жұмыс барысында ескеріп отыратынын атап өтті.
«Бүгінгі консультациялар Ортсайлауком Төрағасының Ленарчич мырзамен мамыр айында болған кездесуі барысында қол жеткізілген келісімнің қорытындысы болып табылады, және ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясы берген ұсынымдарды бірлесе отырып мейілінше тыңғылықты талдау мен талқылауға негіз болады деген сенімдемін», - деді В. Фоос.
ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сарапшылары, өз кезегінде, Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасын демократиялық сайлау өлшемдеріне сәйкес жетілдіру жөніндегі жұмыс аясындағы ынтымақтастықтың қалыптасқан тәжірибесіне қанағаттанаушылық білдірді, сондай-ақ Қазақстанның сайлау заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұстанымдарды әзірлеу жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ мен Ортсайлауком ұстанымдарын жақындастыру мақсатында диалогқа әзір екендіктерін айтты.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі
тел. 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
